Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы» кафедрасы
«Кәсіпкерлік құқығы» пәні бойынша 050509 Қаржы,050508Есеп және
аудит,050507 Менеджмент,050510 Мемлекет және жергілікті басқару,050511
Маркетинг,050506 Экономика
мамандығы студенттеріне арналған
ДӘРІС КЕШЕНІ
Құрастырушы:
МжҚТ кафедрасының
аға оқытушысы Калимуллина К Ж.
Павлодар
Дәрістер
1-тақырып. Кәсіпкерлік құқықтың ұғымы
Кәсіпкерлік құқығы пәні. Құқықтың басқару тәсілдері
кәсіпкерлік құқықтың принциптері. Кәсіпкерлік құқықтың
жүйесі. Кәсіпкерлік құқықтың бастамалары.
Кәсіпкерлік құқық принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни
заңмен тұжырымдалған немесе оның үйғарымының мағынасынан
туындайтын, кәсіпкерлік-құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін
дүрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-
қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы түстарын
толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқық принциптерінің
кеңестік кәсіпкерлік құқық принциптерінен түбегейлі айырмашы-
лықтары бар. Сол кезде өмір сүрген қоғамдық қатынастардың сипатын
білдіре келе жөне оларды нығайтуға, қорғауға бағдарлана отырып,
кеңестік кезендегі кәсіпкерлік құқық мемлекеттік меншіктің мемлекеттік
емес меншіктің барлық түрлері мен нысандарынан басымдығы,
кәсіпкерлік-құқықтық шартты жасауда, түсіндіруде жөне орындауда
жоғарыдан берілетін жоспарлы тапсырмаға бағынудың міндеттілігі,
экономикалық қатынастарда бәсекенің болмайтыны жөне т.с.с.
принциптерге сүйеніп құрылған болатын. Бүл принциптердің барлығы
экономиканы реттеудің орталықтаңдырылған, әміршіл-әкімшіл жүйесін
бейнеледі және осы жүйемен қоса келмеске кетті.
Бүгінде кәсіпкерлік құқықтың мынадай принцшггерін атауға
болады:
— кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық
мәртебесінің теңдігі;
— меншікке қол сүғылмайтындығы;
— кәсіпкерлік-құқықтық шарттың еркіндігі;
— мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге
және жеке өмірге араласпауы;
—
кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың субъектшері —
кәсіпкерлер мен түтынушынарды қорғау;
— несие берушілердің құқықтары мен занды мүдделерін қорғау;
— кәсіпкерлік құқықтардың қорғалуы.
Барлық кәсіпкерлік-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен —
ҚР АК аталған принциптерге сай келеді (сай келуі тиіс). Олардын
көшцілігі АК-ның 2-бабында көрсетілген жөне " Кәсіпкерлік зандардың
негізгі бастаулары" деп аталады. Бүл принциптердің барлығы өзара
тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады және біртұтас заңцы
жүйе болып табылады.
Енді осыларды қарастырып көрейік.
Кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі мынадай
жалпы методологиялық алғышартқа байланысты: бір-біріне
бағынбайтын субъектілер кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың
субъектілері болады, заң оларды кәсіпкерлік құқықтарды иеленуде,
жүзеге асыруда, қорғауда тең деп таниды, міндеттері жөнінен және
олардың бүзылуы үшін де тең деп біледі. Кәсіпкерлік құқық субъек-
ттлершің ешқайсысы бір-біріне бүйрық бере алмайды, соңдықтан
өзара келісім олардың қатынастарының негізін құрайды. Нақтырақ
айхқанда, субъектілердің теңдігі мыналарды білдіреді:
— кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға ене отырып, мемлекет
немесе оның экімшілік-аумақтық бөліністері өздерінің кәсіпкерлік-
құқықтық серіктестерінен'— азаматтан немесе занды тұлғадан
ешқандай артық-шылықтарға ие болмайды;
— кез келген үйьщдық нысаңдағы заңды тұлға кәсіпкерлік
құқықтық қатынастардың субъектілері ретіңде жеке тұлғаларға
теңестіріледі;
— шетелдік азаматтар және шетелдік занды тұлғалар Қазақстан
азаматтары мен заңды тұлғалары секілді, кәсіпкерлік құқықтар мен
міндеггерді иеленеді.
Заң актілерінің тікелей үйғарымы бойынша мүндай тендіктен
кейбір ерекше жағдайларға орын берілуі мүмкін (мысалы, қараңыз:
"Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық
жағдайы туралы" 1995 ж. 19 маусымдағы ҚР Президентінің Заң күші
бар жарлығы).3
Меншікке қол сүғылмайтындығы. Бүл принцитттің маңыздылығы
мынада — меншік елдід бүкіл экономикалық жүйесінің іргетасы болын
табылады. Бүл принцип мемлекетке мемлекеттік емес меншікке
қатысты барлық қатынастарға араласуға мүмкіндік берген бүрынғы
нүсқаулардан бас тартуды біддіреді. Сондықтан меншікке қол сүқпау
принципі ҚР Констиіуциясыңда да (6 және 26-баптар) баянды еіілген.
Меншікке қол сүқпау дегеніміз ең алдымен меншік иесінің өз
мүлкін заңмен тыйым салынбаған кез келген мақсатқа жету үшін өзінің
еркін қалауы бойынша пайдалану мүмкіндігін тануды біддіреді (АК-ның
188-бабы). Бүл соңдай-ақ меншік иесіне әлде бір етемақының
төленетінін-төленбейтініне қарамастан, меншік қүқығының мәжбүрлі
тоқтатылуына жол берілмешіган де білдіреді. Мынадай бүлжымас
ереже әрекет етуі тиіс: бүған тікелей занда көзделген негіздер
болғанда ғана меншікті ықтиярсыз алып қоюға жол беріледі (мысалы,
249~бапты
Қараңыз: Ведомости Верховного Совета РК; 1995, №9~10, 68-бет.
қараңыз). Сондықтан меншік қүқығын соттың шешімімен ғана
тоқтатуға болатынына сілтеме жасау жеткіліксіз болады. Шешімнің өзі
дәлме-дәл занды негізге сүйенуі тиіс.
Меншік иесінің мүмкіңдіктері, әлбетте, шексіз емес, бірақ заң
олардың шегін айқын межелейді: заң жүзінде тыйым салу (мысалы, өз
қаруын немесе қауіпті заттарды пайдалануда), басқа адамдардың
құқықтары мен занды мүдделерін бүзуға әкеп соқтыратын меншікгі
пайдалануға болмайтындығы, меншік иесінің өзіне тиесілі кейбір
заттарға (тарихи және мәдени қүндылықтар, шетелдік ақша және т.с.с.)
билік ету құқықтарын шектеу. Бірақ мүндай тыйым салулар мен
шекгеулер жария мүдделерді қорғау шаралары ретівде ғана
қодданынады.
Кәсіпкерлік заңдар меншік қүқығынан басқа, иелеріне өз мүлкін өз
мүдделеріне сай тікелей пайдалануға мүмкіндік беретін кейбір басқа да
заттық құқықтарды көздейді: жерді пайдалану қүқығы (Жер кодексі),
шаруашылық жүргізу қүқығы (АК-ның 195-201-баптары), оралымды
басқару қүқығы (202-208-баптар), түрғын үйге меншік қүқығы (АК-ның
194-бабы; Түрғын үй қатынастары туралы заң және басқалары).
Меншік қүқығына қарағанда, мүндай құқықтар қашан да туынды
болады, мүндай заттық құқықтардың иелері үстінде мүліктің меншік
иесі түрады. Мүндай заттық құқықтардың өкілеттігі шекарасын, әдетте,
зандар, сонымен қатар меншік иесінщ, еркі белгілейді.
Шарт еркіндігі кәсіпкерлік құқықтың аса маңызды принциптерінің
бірі болып табылады (АК-ның 2-бабымен қатар, 380-бабын қараңыз).
Бүл кез келген адам өз қалауы бойынша және сырттан мөжбүрлеусіз
мыналарды атқаруға қүқылы екенін білдіреді:
- белгілі бір шартты жасасуға немесе жасаспауға;
- өзі шарт жасасуды қалайтын серіктесін таңцауға;
- шарттың түрін тандауға;
- шарттьщ шарттарын анықтауға.
Бүл арада шарттас серіктестің де осындай құқықтары болатынын
ескеру керек. Сондықтан ерікті түрде және өзара қабыдданған келісім
ғана шынайы кәсіпкерлік-құқықтық шарт ретінде танылуы мүмкін. Шарт
жасаса отырып, оған қатысушылар өздеріне қабыл алған шектеулерді
шарттың еркіндігі принципімен шатастыруға болмайды. Өзіне-өзі
қоятын мүндай шектеулер міндетті болып шығады және олардан
біржақты бас тартуға болмайды. ПІарттар орындалуға тиісті.
Мысалы, әлде бір тауар сатушы, әдетте, сатын алушымен шарт
жасасуға қүқылы, шарт жасасу үстіңде оның шарггарынен келісуге
немесе келішеуге қүқылы. Сатушыны белгілі бір шешім қабылдауға
ешкім де мәжбүрлей алмайды. Алайда шешім қабылданған болса
және сатушы белгілі бір іпарттарды қоя отырып, шарт жасасса, оңда ол
үшін бүл міңдетті болады да, ал алдағы уақытта шарттың еркшдііін
сылтау етіп, оны орындаудан бас тартуға, оның шарттарын өзгертуге
және т.с.с. қүқылы болмайды. АК-ның 401-бабыңца бұл туралы тікелей
айтыпған.
Шарт еркіндігінщ заң жүзінде тыйым салу немесе құқықтық
нормалардың императивтік үйғарымы түріндегі тағы бір шекарасы
болады.
Егер занда әлде бір іс-әрекеттерді (мысалы, қару-жарақты
немесе есірткі заттарды) жасауға тыйым салынған болса, екі тарап та
оған келісімін берген жағдайдың өзінде, мүндай іс-өрекеттерді оның
шарттары ретінде шарттың мөтініне ешізуге болмайды. Мүңцай мөтіні
бар шарттар АК-ның 158-бабы бойынша жарамсыз деп танылуы тиіс.
Кәсіпкерлік заңдардың кейбір нормаларының императивтік
(тегеурінді) сипатта болатыны, яғни міндетті түрде қолданылуға тиіс
екені белгілі. Олардың арасында едәуір елсіз тарапты қорғау, моно-
полизмді шектеу, теріс пиғыдды бөсекемен күрес жүргізу, түтыну-
шыларды қорғау үшін жене т.с.с. шарттың еркіндігін шектейтін норма-
лар болуы да мүмкін. Шарттардың осындай түрлері үшін императикгік
заң акгілерінде көзделген жағдайлар тараптардың өз шартының
мәтініне бүл жағдайларды енгізген-енгізбегеніне қарамастан, осы
түрдің өрбір нақты шартының мазмүнына міндетті түрде кіреді.
Олардың зандарда көзделгеніне немесе көзделмегеніне
қарамастан, шарттың еркіндігі мазмүны алуан түрлі кез келген
шарттарды жасасу мүмкіндігін береді. Мазмүны бірнеше шарттардың
элементтерін қамтитын шарттар да болуы мүмкін (АК-нің 7 жөне 380-
баптары). Шарттардың барлық жағдайлары зандарда белгіленген
тыйым салулар мен шектеулерді бүзбаса болғаны (АК-ның 381-бабы).
Жария мүдделерді қорғаудың қажеттігі де шарттың еркіндігі
принципін қолдану шегіне түзету енгізеді: валюта операцияларының
бақылауда болуы, жария шарттарды жасаудан бас тартуға тыйым салу
немесе әр түрлі клиенттер үшін олардың жағдайларын тең анықтамау
(АК-ның 387-бабы), кейбір қызмет түрлерін лицензиялау.
Шарттың қатысушысын іріктеп алу немесе конкурстық төртіппен
шарттың жағдайларын анықтау жөніндегі заң талаптары да шарттың
еркіндігіне ықпал етеді (ҚР АК-ның 910-бабы). Бүл тертіп көп ретте
тауарларды сату, жүмыстарды орывдау немесе мемлекет мүдделері
үшін қызмет көрсету жөніндегі шарттар үшін орындаушыны іріктеуде
қолданылады (мысалы, мемлекеттік сатып алулар туралы 2002 ж. 16
мамырдағы заңды қараңыз). Мүндай жағдайларда конкурстың
шарттарына сәшсес оның жеңімпазымен шарт жасалады.
Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігін
кәсіпкерлік зандардың келесі принципі деп атауға болады. Бүл принцип
кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға олардың қандай өзіндік мүліктік
немесе мүліктік емес сипат атқаратынына қарай таралады. Бүрынғы
қолданылып келген Кәсіпкерлік кодексте ол (принцип) жеткіліксіз
сипатталды, абырой мен ар-намысты, жеке жазбалардың, күнделіктер
мен жазысқан хаттардың қүпиялылығын қоргауға ғана қатысты болды.
Қазақстанның қазіргі қолданыстағы кәсіпкерлік қүқығында бүл принцип
айтарлықтай дамытылды. Ол Қазақстан Республикасының
Конституциясында да баявды етідді (АК-ның 18-бабы).
Әркімнің жеке ісіне еріксіз араласуға жол берілмейтіндігі билік
пен басқару органдарына, ата-аналарға, қызмет басшыларына және
басқа адамдарға өрекетке қабілетті азаматтардың немесе заңды тұлға-
лардың өз мүлікгеріне билік жүргізуіне, тапқан пайдаларын бөлуіне,
табыстарын пайдалануына ықпал етуге тыйым салуды біддіреді. Егер
мүндай талаптар занда белгіленбеген болса, өлде кімнің рүқсатын
алудың, келісім, ақпарат беруін талап етудің қажеті жоқ. Жеке
басының, отбасының және коммерцияның қүпиясын құрайтын
мөліметтерді беруді талап етуге тыйым салынады.
Әркімнің жеке ісіне араласуға жол берілмейтіңдігі сондай-ақ
басқаның жеке өміріне, басқаның қарым-қатынастарына басын кіруге
тыйым салуды білдіреді. Бүл жөнінде АК-ның көптеген баптарында,
еңалдымен2, 115, 125, 144, 146 жөне басқа баптарында айтылады.
Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын корғауды
кәсіпкерлік құқық принциптерінің қатарына жатқызуға болады. Бір
қарағанда, кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың аталған
субъектілершің мүдделері қарама-қарсы болады, сондықтан олардың
біреуін қорғау екшшісін қорғаумен сәйкес келмейді және керісінше,
біреулерін (түтыну-шыларды) басқа көсіпкерлерден қорғау керек. Бірақ
бүл - тым үстірт пайымдау. Кейбір пікір алшақтығының даусыздығына
қарамастан, кәсішсерлер мен түтынушылардың шынайы мүдделерінің
қорғалуы бір ақырғы мақсатқа — кәсіпкерліктің дамуына жетьазеді, ал
бүл барған сайын түтынушынардың мүдделері мен қажеттерін
барынша қанағат-тандыру арқылы ғана жүзеге асырылады. Бүл —
түтынушылардың мүдделерін толығымен қанағаттандыру — өркениетті
экономиканың басты міндетін құрайды. Алайда, бір жағынан алғанда,
көсіпкерлердің мүдделерін, екіншіден, түтынушылардың мүдделерін
тікелей қорғаудың нақты құралдары, әлбетте, көп ретте түрліше болып
келеді.
Көсіпкерлер кәсіпкерлік құрылымдарды құру төртібін оңайлатуға,
кесіпкерлік қызметтің еркіндігіне, негізсіз тексерулерге жөне керексіз
мемлекеттік бақылауларға жол бермеуге, коммерциялық қүпияны
сақтауға, әділетті салық салуға зөру. АК-ның 10-бабы, кәсіпкерлік-
құқықтық нормалардан түратын: "Жеке кәсіпкерлікті қорғау жөне
Іқолдану туралы" 1992 ж. 4 шілдедегі; "Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау туралы" 1997 ж. 19 маусымдағы; "Жеке кәсіпкерлік
туралы" 1997 ж. 19 маусымдағы; "Шаруа (фермер) қожалығы туралы"
1998 ж. 31 наурыздағы Завдар; Қазақстан Республикасы Президегаінің
"Көсіпкерлік қызмет еркіндігіне мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру
жөніңдегі қосымша шаралар туралы" 1996 ж. 14 маусымдағы; "Шагын
кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау мен жандандыруды
күшейту жөніндегі шаралар туралы" 1997 ж. 6 наурыздағы; "Азаматтар
мен заңцы тұлғалардың көсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқықтарын
қорғау туралы" 1998 ж. 27 сөуірдегі Жарлықтары жөне басқалары нақ
осы қиындықтарды шешуге бағытталған.
Алайда мемлекеттің реттеуінсіз жүзеге асырылатын кәсіпкерлік
еркіңдігі кейбір кәсішсерлер мен олардың бірлесгіктерін монополиялық
жағдайға жеткізуі, бәсекені шектеуге жөне басқа келеңсіз зардаптарға
өкеп соқтыруы мүмкін, ал бүлар ең соңывда түтынушылардың мүдде-
леріне нүқсан келтіреді. Сондықтан зандар, оның ішінде кәсіпкерлік
зандар тіпті бүл олардың еркіндігін (әсіресе озбырлыққа айналатын
еркіндігін) шектейтін болса да, кәсіпкерліктің дамуын қоғам үшін керекті
арнаға бағыттайтын шараларды енгізеді. Бүл түста АК-ның 11, 387,
389-баптарын,
"Бесекенідамытужәнемонополистікқызметті
шекгеутуралы" 1991 ж. 11 маусымдағы, "Табиғи монополиялар туралы"
1998 ж. 9 шілдедегі Зандарды және басқа нормативтік актілерді атауға
болады. Коммерциялық қүпия деген желеумен маңызды жария мүддесі
бар мәселелер бойынша ақпараттарды жасыруға заң тыйым салады
(мысалы, АК-ның 41-бабының 7-тармагы, "Жеке көсіпкерлікті қорғау
жөне қолдау туралы" заңның 23-бабы).
Заң кәсіпкерге кәсіпкерлік жүргізу барысында оның кінәсынсыз
туыңдауы мүмкін залалдар төуекелін жүктейді (мысалы, АК-ның 10-
бабының 1-тармағы, 359-бабының 2-тармағы, "Жеке кәсіпкерлікті
қорғау жөне қолдау туралы" заңның 1-бабы). Кәсіпкерлік зандар түты-
нушылардың мүдделерін айтарлықтай дөрежеде қорғайды. Бүл түста
да көптеген кәсіпкерлік-құқықтық нормаларды, мысалы, АК-ның 10,
358, 387 және 389-баптарын атауға болады. Тіпті 1991 ж. 5 маусымда
қабылданған "Түтыңушынардың құқықтарын қоргау туралы" заң толық
күшін сақтаған. Егер түтынушылардың мүдделері өте жиі өрескел
бүзылатын болса, оңца оның кінәсы — заңи қорғау құралдарының
жоқтығы емес, қайта олардың өмірде жеткіліксіз қодданылуында.
Несие берушілердщ құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
принщшін толық негізде кәсіпкерлік құқық принциптеріне жатқызуға
болады. Несие беруші — кез келген кәсіпкерлік міндеттемелердің
қажетті тұлғасы және, әдетте, ол бүзылатын жағдайда жөбірленуші
тарап болады. Несие берушінің мүдделерін және оның мүдделерін
қорғауды елемеу сөзсіз кәсіпкерлік-құқықтық айналымның өлсіреуіне
әкеп соғады, ейткені міңдеттеме алу жөне оны тиісінше орындау
жөніндегі бастамашыл тілегі түншықтырынады.
Несие берушіні қорғау ең аддымен борышқорға орындалмаған
немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелердің барлық қолайсыз
зардаптарын жүктеуден, несие берушіні міндеттеменің кездейсоқ
орындалмауы жене несие беруші алдындағы өзінің міндеттерін бүзған
борышқордың кінәсын дөледдеу ауыртпалыгынан кең таралған босату
тәжірибесінен көрінеді. Несие берушінің мүдделерін қорғау ақшалай
міндеттеменің бүзылуы кезінде ерекше айқын байқалады. Мүндай
қорғау үшін АК ақшалай міндеттемесін мерзімінде орыңдамаған
борышкердің жауапкершілігін ақшаны қайтаруды кешіктірген өрбір күн
үшін түрақсыздық айыпақы өңдіріп алу түрінде белгілейді (353-бап).
Шаруашылық серіктестік жарғылық капиталын азайтатын жағдайда
несие берушілер серіктестіктің мерзімінен бүрын тоқтатылуын немесе
тиісті міндеттемелерін орындауын талап етуге қүқыны (АК-ның 59-
бабы). Несие беруші міндеттемені, оның үстіне, ортақ
жауапкершілікпен қосылған міндеттемені тоқтату жөніндегі талапты
олар қайта құрылатын жағдайда қоя алады (АК-ның 48-бабы),
міңдеттемедегі борышқорды ауыстыру несие берушінің келісімімен
жасалады (АК-ның 348-бабы).
Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастарды,
сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделерін қаматамасыз
ету мақсатында шаруашылық етуді мемлекеттік реттеу
бойынша қатынастарды реттейтін құқық саласы ретінде
нормалардың жиынтығын құрайды.
Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып тікелей табыс табуға
бағытталған осы құқық саласымен реттелетін қоғамдық
қатынастар табылады.
2-тақырып. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы.
Кәсіпкерлік қызметтің белгілері. Кәсіпкерлік риск, оның
түрлері, негізгі бөлімдері, кәсіпкерлік рискті жүргізу әдістері.
Кәсіпкерлік қызметтің белгілері:
1. Кәсіпкерлік қызмет дербестікпен сипатталады.
Мүліктік дербестік қызметтің экономикалық негізі ретінеде
кәсіпкерде жеке оқшауланған мүліктің болуымен
анықталады. Ұйымдық дербестік – дербес шешім қабылдай
алу мүмкіндігі.
2. Кәсіпкер қызметті өзінің тәуекелімен жүзеге асырады
Кәсіпкерлік тәуекел дегеніміз іске салынған қаражаттар
ақырында пайда мен табыс әкелмеуі мүмкіндігінде. Пайда
болған шығындар – қоғам мен мемлекеттке ешқандай қатысы
жоқ кәсіпкердің өзінің жеке проблемасы.
3. Кәсіпкерліктің мақсаты – өзінің бастамасымен жеке
қаражатын қандай-да бір кәсіпорынға немесе іске салып,
одан пайда табу. Пайда табу тауар сатқаннан, қызмет
көрсетуден, жұмыс орындаудан, мүлікті пайдаланудан
алынуы мүмкін.
4. Кәсіпкердің дербес мүліктік жауаптылығы.
5. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық негізде яғни тиісті
құқықтық мәртебе алғаннан кейін жүзеге асырылуы.
Кәсіпкерлік риск, оның түрлері, негізгі бөлімдері,
кәсіпкерлік рискті жүргізу әдістері.
Тәуекелдерді топтау әрқандай белгілер бойынша
жүргізілуі мүмкін: пайда болу себептері бойынша;
кәсіпкерліктік функционалдық түрлері мен салалры бойынша;
сақтандыру мүмкіндігі бойынша және т.б. Әрбір нақты
жағдайда қойылған мақсатқа байланысты қандай да бір
топтау қолданылады.
Топтау белгісі
Тәуекел түрі
Кәсіпкерлік
қызметтің
түрлері
бойынша
Өндірістік
Коммерциялық
Қаржылық
Масштабы бойынша
Локальдық
Салалық
Елдік
Пайда
болу
табиғаты
Субъективтік
Объективтік
Пайда болу саласы
бойынша
Сыртқы
Ішкі
Сақтандыру
мүмкіндігі бойынша
Сақтандырылатын
Сақтандырылмайтын
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері бойынша келесі тәуекелдер түрлері
бар:
- өндірістік тәуекел өнімдерді, тауарларды және қызметтерді
өндірумен, кез-келген өндірістік қызмет түрлерін жүзеге асырумен
байланысты. Өндірістік тәуекелдердің негізгі себептері өндірістегі
мәжбүрлі өндірістер, шикізаттың уақтылы әкелінбеуі, және т.б. болып
табылады.
- коммерциялық тәуекел кәсіпкермен шығарылған немесе сатып
алынған тауарлар мен қызметтерді өткізу барысында туындайды.
Коммерциялық тәуекелдің себептері нарық конъюнктурасындағы
күтпеген өзгерістер және т.б.
- қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктармен және басқа қажылық
институтардың қатынастары саласында туындайды.
3-тақырып. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік
түрлері және формалары.
Кәсіпкерлік қатынас субъектілері.
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы мінездеме.
Құқықтық айырмашылықтары
4-тақырып. Жеке кәсіпкерлік.
Азаматтардың кәсіпкерлік қызмет ұғымы және
формалары. Азаматтардың жеке кәсіпкерлік қызметіне
құқықтық мінездеме. Бірлескен кәсіпкерлік формаларына
құқықтық мінездеме. Заңды тұлғаның құрмай азаматтардың
кәсіпкерлік қызметінің кейбір мәселелері.
Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға
құрмайтын құқық субъекгілііі — бүл азаматтың құқық субъектілігшің
ерекшелігін және маңызын ескере отырып, АК-ның "Кәсіпкерлік
құқықтардың субъектілері" деген 2-тарауыңца арнайы бап арналған
бірден-бір саласы.
ҚР Конституциясы 26-бабының 4-тармағындағы әркімнің
көсіпкерлік қызмет еркшдігіне қүқығы бар деген нормасына сәйкес, АК
азаматтар заңды тұлғалар құрып қана қоймастан, сонымен бірге занды
тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қүқылы деп
белгілейді. Бүл ережеден өзгешелікті заң актілері ғана белгілей алады
жөне ол кәсіпкерлікіің белгілі бір саласына ғана қатысты болады.
Мысалы, банк саласы қызметімен арнайы заңды тұлғалар ғана —
банкгер айналыса алады.
Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ көсіпкерлік қызметпен
айналысуын АК нормаларымен қатар, Жеке кәсшкерлік туралы заң
жөне басқа да бірқатар норматашік құқықтық актілер реттеп отырады.
Егер зандарда немесе құқықтық қатынастарда өзгеше көзделмесе,
онда азаматтардың көсіпкерлік қызметіне занды тұлғалардың қызметін
реттейтін нормалар қолданынады.
Азаматтардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы занды тұлға
құрмайтын құқық субъектілііі, азаматтардьщ жалпы құқық субъектілііі
секілді, тең болып табылады. Азаматтар өздерінің қалауы бойынша
жеке көсііжерлікпен өздері немесе бірлесіп айналысуға қүқылы. Азамат
жеке кәсіпкерлікті өзіне меншік қүқығы ретідце тиесілі мүліктің, совдай-
ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге рүқсат беретін
өзге де құқықтардың негізінде дербес жүргізеді. Бірлескен көсіпкерлікті
азаматтар (жеке көсішсерлер) тобы занды тұлға құрмай-ақ,
азаматтардың меншік қүқығы реіінде тиесілі мүліктерінің негізіңце,
сондай-ақ осы мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік
етуге рүқсат беретін өзге де құқықтардың негізінде жүзеге асырады.
Шаруа қожалықтарындағы көсіпкерлік, сондай-ақ қарапайым серікгестік
түріндегі бірлескен кесілкерлік бірлескен көсілкерлікке мысал бола
алады.
Жеке кәсіпкер өз қызметін өзінің атынан жүргізеді. Бірлескен жеке
көсіпкерлікге көсіпкерлік қызмеже байланысты барлық мемілелер заң
актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде бірлескен
көсіпкерліктщ барлық қатысушыларының атынан жасалады, сондай-ақ
құқықтар мен міндеттер алынады.
Заң актілері азаматтардың жеке кәсіпкерлік қызмет саласындағы
құқық субъектілігін жүзеге асыру шараларын да көздейді. Мәселен,
жеке көсіпкерлер екі жағдайда міндетті мемлекеттік тіркеуден
өтуге тиіс. Бірішпіден, егер олар үдайы жалданушы қызметкерлердің
еңбегін пайдаланатын болса. Екіншіден, салық зандарына сәйкес
есептеліп шығарылған жиынтық жылдық табыс жеке тұлғаларға заң
актілерімен белгіленген жьщцық жиынтық табыстың салық
салынбайтын көлемінен артатын болса. Барлық өзге жаідайларда жеке
кәсіпкер, өз қызметін тіркелусіз-ақ жүргізе алады, бірақ өзінің қалауы
бойынша оны тіркеуге қүқылы.
Лицензияланатын қызмет түрлеріне лицензия алу жеке
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарттарының қатарына
жатады.
Жеке көсіпкер дәрменсіз болып қалатын жағдайлар үшін заң
акгілері оның банкрот болуын да көздейді. Банкроттық рөсімін жөне
несие берушілердің талаптарың қанағаттандыру кезектілігін ҚР АК мен
басқа да заң актілері белгілейді.
5-тақырып. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі.
Заңды тұлғаның кәсіпкерлік құқықтың негізгі
ұйымдастырушылық – құқықтық формалары, олардың
құқықтық мінездемесі, айырым белгілері. Шағын
кәсіпкерліксубъектілері. Анықтау критерийлері. Ұғым және
корпоративтік құқықтық негізгі анықтамалары.
Достарыңызбен бөлісу: |