Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты
енгізілген жағдайда Азаматтык кодекстің 41бабындағы
талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген
ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған
баптың 5тармағында камтылған. Жарғының мівдетті
шартының тізбесіңде бірқатар шарттар қамтылған, атап
айтқанда, ол жүмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек
ұжымы арасындағы өзара карымқатынастарды және т.б.
енгізу қажеттігін міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай
шарты мен жарғысы арасында қарамақайшылық туындаған
жағдайда:
1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты
болса, құрылтайшы шарты;
2) егер олардың қодданылуы заңды тұлғаның үшінші
тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының
ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адаэддар жарғымен танысуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: