ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы
қатынастарының
тарихиэкономикалық
заңдылығын
басшылыкқа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық
құқықпен жанама түрде қажеттілікке
орай реттелетінін
айтады. Профессор Ю.К. Толстой "директор ілімін" алға
тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін
білдіруші — директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың "әлеуметтік
байланыстар ілімі", А.А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі", Е. А.
Сухановтың "мақсатты мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдары
да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп,
заңды тұлғаға
"адамдардың қатысы" жәнінде әртүрлі пікірлер айтылған
және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның
бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді,
екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен)
реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның
әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда,
мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып,
заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін
"жасырын" атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі
теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи
"фикция теориясының" негізін қалады. К.Ф. Савиньи
көзқарасы бойынша, шын
мәнінде құқық субъектісінің
қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы
болса, заңды тұлғаның сыртьшда оны әйгілейтін адамдық
тұлғаның қасиеті тұрғаның мойындайды. Сондықтан да заң
шығарушы заңдык фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік
ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға
тартады. Ал
неміс ғалымы Гирке болса, "органикалық
теорияның" тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам
тұлғасымен салыстырады, бұл
орайда оны дербес құрылым
деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы
пікірлер кездесуінің өзі оның қүрделі құқықтық құбылыс
екендігін анық дәлелдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: