Дәріс Конфликт жайлы көзқарастарға тарихи шолу


Дәріс 6. Тұлғааралық конфликттер



бет15/28
Дата26.10.2023
өлшемі375,5 Kb.
#188300
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
Лекция 15-16ж.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері» (1)
Ашық сабақ, Матрица мүдделі тарап

Дәріс 6. Тұлғааралық конфликттер




Жоспар:
1. Тұлғааралық конфликттер ұғымы.
2. Тұлғааралық конфликтердің аяқталу нұсқалары.
3. Тұлғааралық конфликтілердің алдын алу және оларды шешу

Дәріс мазмұны:


1. Тұлғааралық конфликттер ұғымы.
Тұлғааралық конфликттерді тұлғалардың өзара қарым-қатынас үдерісінде қақтығысуы ретінде қарастыруға болады. Мұндай қақтығыстар түрлі салаларда жүзеге асады (экономикалық, саяси, өндірістік, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық және т.б.). аталған қақтығыстардың себептері сан алуан (қоғамдық транспорттағы ыңғайлы орыннан мемлекеттік құрылымдағы президенттік креслоға дейін). Басқа да әлеуметтік конфликтегі секілді мұнда объективті және субъективті тұрғыда үйлеспейтін немесе қарама-қайшы келетін мүдделер, қажеттіліктер, нұсқаулар, қабылдаулар, бағалаулар, пікірлер туралы сөз қозғауға болады.
Объективті факторлар конфликттің пайда болуына потенциалды мүмкіндік жасайды. Мысалы, пайда болған бөлімше бастығының бос орны осы орынға үміткер саналатын екі қызметкер арасындағы конфликтке себеп болады. Конфликтінің потенциалды қатысушылары арасында конфликт басталар алдында туындаған қоғамдық қарым-қатынасты мысалы, олардың мәртебелік көзқарастарын шартты түрде объективті деп санауға болады.
Тұлғааралық конфликтіде субъективті факторлар тұлғаның жеке ерекшеліктері (әлеуметтік-психологиялық, физиологиялық, дүниетанымдық және т.б.) негізінде туындайды. Бұл факторлар тұлғааралық конфликтінің даму және шешілу қарқыны мен оның салдарын жоғары деңгейде анықтайды.
Тұлғааралық конфликтілер алғаш кездескендер мен бұрыннан араласып жүретін адамдар арасында да туындайды. Екі жағдайда да өзара қарым-қатынас кезінде серіктес немесе оппонентті жеке қабылдай алу маңызды рөл атқарады. Тұлғааралық қабылдау үдерісі қиын құрылымға ие болып табылады. Әлеуметтік психологияда рефлексия психологиясы субъектілердің өзара бейнеленуін сипаттайтын кемінде үш позицияны ұсынады:

  1. субъектінің өзі, оның шынайы болмысы;

  1. субъектінің өзі туралы ойы;

  1. субъект туралы өзгелердің пікірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет