2. Тарих шеңберінде Жаңа дәуірдегі конфликт жайлы ойлар (XVIII-XIX ғғ). XVIII ғасырда ағылшын демократтары мен француз ағартушылары В.Д. Пристли, Ш. Монтескье, Д. Дидро, Ж.Ж. Руссо, Вольтер қарулы қақтығыстарға қарсы ашық пікірлер айта бастады. Сол кездегі феодальдық бастауларды жойғанда ғана «мәңгілік бейбітшілік» болады.
Бұл кезең ойшылдары дүниежүзілік тарих шеңберінде қоғамдық өмірді бағалау, әлемдік даму тұтас логикасын түсінуге тырысты.
Бұл ойлар әсіресе Жан Жак Руссоның (1712 – 1778) әлеуметтік философиясында анық байқалады. Дүниежүзілік-тарихи үдеріс үш құрамды сәтте ыдырайды: басында «табиғи жағдай» болады, адамдар еркін және тең, содан соң өркениеттің дамуы адамдардың теңдігін жоғалтуға алып келеді, еркін және бақыт, ақырында, қорытынды «қоғамдық келісім», қоғамдық жағдайда адамдар тағы жоғалған үндестікті табады, «мәңгілік бейбітшілік», келісім және бірлік.
Ұлы неміс философы Иммануил Кант (1724 – 1804) «көршілес тұратын адамдар арасындағы бейбітшілік жайы, табиғи жағдай емес… соңғысы, керісінше, соғыс жағдайы, яғни, егер үздіксіз қастық әрекеттер, үнемі олардың қаупі. Сондықтан бейбітшілік жағдайы орнауы тиіс деген пікірде болды.
Г.Зиммельдің теориялық көзқарастары ХХ ғасырдың жылдарының әлеуметтанушылары чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Эзра Парк (1864 – 1944), Эрнест Уотсон Берджесс (1886 – 1996), Аббион Вудбери Смол (1854 – 1926).
Қазіргі тұжырымдамалар. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында конфликт мәселесіне теориялық қызығушылық төмендей бастады. Алғашында бұл тенденция АҚШ та содан соң Европада белгі көрсете бастады. Конфликт мәселесін талдау көбінесе конфликтті жағдаяттарды шешу әдістемесі аспектісінде жүзеге асты.
ХХ ғасырдың 40-жылдарындағы әйгілі болған қоғамның функционалдық моделіне сәйкес конфликттіге жалпы қарым қатынас өзгерді. Бұл бағыт бойынша американдық әлеуметтанушы-теоретик Толкотт Парсонс (1902 – 1979), конфликттік құбылыстарға талдау жүргізген.
Дәріс 2. Конфликт қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретінде.
Жоспар:
1. «Әлеуметтік конфликт» ұғымы.
2. Конфликт субъектілері мен қатысушылары.
3. Конфликт нысаны.
Дәріс мазмұны: