Дәріс Конфликт жайлы көзқарастарға тарихи шолу


Әлеуметті конфликт қызметтері



бет8/28
Дата26.10.2023
өлшемі375,5 Kb.
#188300
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Лекция 15-16ж.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері» (1)

3. Әлеуметті конфликт қызметтері
Конфликт жағымды және жағымсыз әлеуметтік қызметтерді атқарады. Конфликт салдарын бағалаудың объективті және субъективті түрлері де бар. Мысалы, өндірістік (әлеуметтік-еңбектік) конфликт нәтижесінде мүмкін болған кәсіпорынның қайта құрылуы – дәлелді түрде жағымды құбылыс, алайда кәсіпорыннан штаттың қысқаруы нәтижесінде жұмыстан шығуға мәжбүр болған жұмысшылардың белгілі бір бөлігі тарапынан аталған конфликт жаңымсыз деп бағаланады.
Конфликттің жағымды және жағымсыз әсерлері көп жағдайда әлеуметтік жүйеден туындайды. Конфликт қалыпты жағдай болып саналатын еркін құрылымдалған топтар мен ашық қоғамдарда оны реттеудің түрлі механизмдері бар, конфликт негізінен, өмірге бейімділікке, динамизмге және ілгері дамуға деген қабілеттілікке негіз болады. Тоталитарлық қоғамда әлеуметтік конфликт мойындалмайды, ал оны шешудің жалғыз механизмі күшті басу (мысалы, 1962 ж. Новочеркассктағы жұмысшылар шеруіне қару қолдану) болып табылады. Тұншыққан конфликт дисфункционалды болып, ескі қайшылықтарды ушықтыру мен жаңасының пайда болуына, қоғамның ыдырауына себепші болады. Шешімін таппаған қайшылықтар жинала береді, ал егер олар конфликт формасында көрініс тапса, ол маңызды әлеуметтік сілкініске алып келеді.
Ашық әлеуметтік құрылымдарға тән конфликттің кейбір оң қызметтерін қарастырайық.

  1. Конфликт қарама-қайшылықты айқындайды және оның шешімін табады, сол арқылы қоғамдық дамуға негіз болады. Уақытылы айқындалып, шешімін тапқан конфликт ауыр салдарға жетелейтін ірі конфликттің алдын алады.

  1. Ашық қоғамда конфликттер топішілік және топаралық қарым-қатынастың ықпалдастығы мен тұрақтылығы қызметін анықтайды, әлеуметтік шиеленісті төмендетеді.

  1. Конфликт байланыстар мен қарым-қатынас қарқындылығын бірнеше рет арттырады, әлеуметтік үдерістерді ынталандырады, қоғамға қарқындылық береді, шығармашылық пен инновацияны ынталандырады, қоғамдық өрлеуге түрткі болады.

Көпшілік эмоциялық конфликттерді және адамдардың әлеуметтік психологиялық тұрғыдан үйлеспейтіндігі нәтижесінде туындайтын конфликттерді жағымсыз деп тануға болады. Қажетті шешімді қабылдауды қиындататын конфликттерді де жағымсыз деп атаймыз. Жағымсыз салдар ұзаққа созылған позитивті конфликтіге ие болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет