Сабақтың тақырыбы: Сыпайылық Менің достарым Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі109,05 Kb.
#90425
түріСабақ
Байланысты:
дүниетану





Сабақ

№3

Сабақтың тақырыбы:

Сыпайылық
Менің достарым

Мақсаты:

Сыпайылық , қоғамдағы әдеп ережесі туралы түсінік аласың.

Ресурстар:

Оқулық

Жаңа сабақты
түсініп алуға тырыс

Сыпайылық – адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Сыпайы болу, әйел затына да, ер адамға да тән.. Оған: үлкенге құрмет, кішіге ізет, қарапайымдылық сынды қасиеттер жатады, ал айтылған қасиеттердің барлығы сыпайылықтан бастау алады! Достық– адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді.

Тапсырмалар:



Оқулықпен жұмыс.

  • Суреттерге қара.

  • Балалар әдеп ережесін сақтай білді ме?

  • Оларды әдепті деуге бола ма?

  • Қоғамдық орындарда қандай ережелерді сақтау керек?.

  • Сенің достарың бар ма?

  • Олармен бос уақытыңды бірге өткізесің бе?

  • Достықтың қандай бағалы қасиеттерін білесің?

  • Өзіңнің достарың жайлы айтып бер.

  • Олардың мінез-құлқы қандай?

  • Адамды дос болуға мәжбүрлеген дұрыс па?

  • Ондай адаммен өз ойыңды бөлісіп, сырласуға бола ма?

Дәптерге орында.

Кері байланыс:




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет