Дәріс Конфликт жайлы көзқарастарға тарихи шолу


Әлеуметтік-педагогикалық үдерісте конфликтерді реттеу және ескерту нұсқалары



бет25/28
Дата26.10.2023
өлшемі375,5 Kb.
#188300
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Лекция 15-16ж.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері» (1)

Әлеуметтік-педагогикалық үдерісте конфликтерді реттеу және ескерту нұсқалары

Білім беру жүйесін реформалаудағы негізгі тосқауылдардың бірі және асқан конфликттінің болуының басты себебі педагогикалық үдерісті авторитарлы құрылыммен басқару болып табылады.
Аталған құрылым авторитарлы мемлекет бейнесі бойынша және ұқсастығы негізінде құрылған, сондай-ақ он жыл бойы оның әлеуметтік тапсырысын ұқыптылықпен орындады – авторитарлы тұлға қалыптастырды. Мұндай басқарудың көнелілігі қазіргі педагогикалық үдерісте барынша анық екені мәлім. Білім беру жүйесіндегі өзара әрекет етудің барлық деңгейлеріндегі авторитаризм синдромынан арылу керек, серіктестік, диалог, ымыра мен пәтуаға негізделген басқарудың демократиялық қағидаттарын жою қажет.
Конфликтологияның келесі міндеті – оқытушылардың конфликттерді реттеу және басқару тәсілін қолдана отырып, білім беру жүйесін жасау. Педагогикалық үдеріс түрлі конфликттерсіз мүмкін емес. Сондай-ақ белгілі бір жағдайда конфликт жетілген мәселелерді шешуде қажетті шарт болып табылады. Ол адамдардың өзара түсінісуіне және ұйымдастырудың қалыпты түрде дамуына кедергі болатын жасырын қарама-қайшылықтарды ашудың басты құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Сондықтан конфликт бұл кері құбылыс деген пікірімізді өзгертуіміз керек. Конфликт жағымды да, жағымсыз да салдарға ие болуы мүмкін. Мәселе конфликтінің шынайы себептерін іздеу мен оны шешудің барынша оңтайлы тәсілдерін табу болып саналады.
Саналы адамдардың айтуы бойынша, екі дауласқан адамның ішінде ақылдысы кінәлі болып табылады. Бұл конфликттен бас тарту керек деген емес. Өз уақытысында шешімін таппаған конфликт уақытылы емі табылмаған ауру секілді біраз уақыт өткесін асқынуы мүмкін, сондықтан туындаған қарама-қайшылықтарды уақытылы анықтап, «аурудың» диагнозын қойып, «емдеу» тәсілдерін табу керек. Конфликтті реттеу инициативасы педагогке тиесілі болуы керек.
Педагогикалық үдерісте «мұғалім – оқушы – ата-ана» конфликтті үшбұрыш түзілген жағдайда мұғалімнің рөлі ерекше болып табылады (9-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет