Педагогикалық үдерістің нені оқыту және қалай оқыту секілді өмірлік проблемалары әлемдік білім беру жүйесінің жаһандық мәселелері болып табылады. Әсіресе, олар ХХІ ғ. қарсаңында шиеленісе түсті. Қазіргі таңда білім берудің барлық әлемдік жүйесі дағдарыс кезеңін бастан өткізуде.
Дағдарыстың мәні мынада, XVIII—XX ғғ. қалыптасқан білім беру және тәрбиелеу жүйесі жаңа ұрпақты әлеуметтендіруде қазір тиімсіз болып табылады. Қоғамның қарқынды дамып жатқан энергетикалық күшінен қоғамдық ақыл-парасат деңгейінің артта қалуы байқалып келеді. Өркениетті дамудың технократиялық типі адамзат тіршілігіне тікелей әсер ететін қауіп-қатерге айналды. Жаһандық дағдарыстан шығудың негізгі нұсқаларының бірі білім беру мен тәрбиелеудің жаңа жүйесін жасау, ақпараттық қоғамнан білімдік қоғамға ауысу болып табылады.
Ресей мысалы негізінде қарастырайық. Ресейлік қоғамның өзі бірнеше жылдардан бері жалпы үздіксіз дағдарыс жағдайында болса да, Ресейдегі білім беру жүйесіндегі дағдарыс драмалық сипатқа ие болды. Ресей жеңіп алған ұстанымдарын бірте-бірте барынша дамыған әрі білімді ұлттарға беріп жатыр.
Ресейлік білім беру жүйесіне тән түрлі конфликттердің пайда болуының мәселелері мен себептерін қарастыралық.
«Қоғам-білім беру» өзара әрекеттестігі деңгейінде төмендегі қарама-қайшылықтарды ерекшелеп көрсетуге болады: 1. Жаңа білім беру саясатында біртұтас және бірізді тұжырымдаманың (білім беру жүйесінің даму стратегияларының) жоқтығы. Демократияландыру үдерісінде ресейлік білім беру «коммунистік типтегі тұлғаның» қалыптасуына қатысты идеологиялық нұсқаманың тоталитарлық кезеңінде бас тарта алды.
«Әкімшілік — оқытушы», «оқытушы — оқытушы» және «әкімшілік — әкімшілік» өзара әрекет ету бағытындағы тік және көлденең конфликттер негізінен әдеттегі ұйымдастырушылық конфликттерді білдіреді. Олардың пайда болуының басты себептері «Ұйымдастырудағы конфликттер» тарауында қарастырылатын болады, сондықтан бұл тарауда педагогикалық ұйымдастыруға тән кейбір ерекшеліктерге ғана тоқталамыз.
Орта мектептегі оқытушы ұжымына конфликтінің төмендегі себептері тән болады:
Мұғалімдер арасындағы конфликттердің көп бөлігі оқу жүктемесінен келіп шығады. 87% мұғалім пікірінше оның негізгі себебі мектепішілік конфликттер болып табылады. Мұғалімдер ортасында конфликт пен қарбаластықтың артуының негізгі себебі мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық үдерістің басқа да қатысушылары тарапынан әділетсіз айып тағылудан қорғансыздығы болып табылады: мектеп әкімшілігі, білім беру жүйесінде жоғары органда жұмыс атқаратын жұмысшылар, оқушылардың ата-аналары мен оқушылар. Зерттей бойынша, сауалнамаға жауап берген бес мұғалімнің төртеуі өздерінің толығымен қорғансыз екендіктерін айтты. Сонымен қатар, өз ісіне терең ықылас қойған оқытушылар көп жағдайда өз ісіне формалды түрде ғана мән беретін әкімшілік өкілдері және басқа да әріптестерімен конфликтке түсіп жатады, ал соңғылары оқушылармен және олардың ата-аналарымен, сәйкесінше, өздерінің «адал ниетті» әріптестерімен конфликтке түседі.
Мұғалімдердің айтарлықтай бөлігінің (65,3%) пікірінше, мектеп ұжымындағы қарбалас жағдай мен конфликттердің себебі кейбір қызметкерлерге берілген негізсіз жеңілдіктер мен артықшылықтар болып табылады. Мысалы: мектеп әкімшілігінің өкілдері; директор және оқу ісі меңгерушілерінің «еркесі»; табандылықпен талап ететіндер; дәрежесі бар оқытушылар; жақсы жұмыс жасайтындар; мектептегі кәсіподақ комитетінің мүшелері және т.б.
Егер мұғалімдер арасындағы жоғарыда аталған барлық конфликт себептерін жинақтайтын болсақ, оларды екі негіздемеге бөліп қарауға болады:
Қарым-қатынас мәселелері, мысалы, әдептіліктің жоқтығы, ашушаңдық, өзгелердің кемшілігіне төзбеушілік, өзін-өзі жоғары бағалау, психологиялық сәйкессіздік және т.б.;
«Бастық-қол астындағы кісі» қағидаты бойынша мектептерді ескі әкімшілік жүйесімен басқаруда қарапайым адамгершілікке негізделген қарым-қатынас үшін орын қалмай барады.
«Оқытушы – ата-ана» өзара әрекет ету бағытында конфликттің пайда болуының басты нысаны оқушы болып табылады. Мұғалімдер өз кезегінде ата-анаға балаларын оқыту мен тәрбиелеу үдерісінен өз бетінше алыстатты деп айып тақса, ата-аналар мұғалімге біліксіздігі үшін немесе баласына деген біржақты қарым-қатынасы үшін айыптайды.
«Оқушы — ата-ана» типіндегі конфликтер негізінен келесі себептерге байланысты:
балалардың нашар білім алуы: үйде сабақтарына аз көңіл бөледі, көп уақытын қыдыруға жұмсайды, теледидар көреді, мектептегі сабақтарынан қалады және т.б.;
балалар мен ата-аналардың өзара түсінбеушілігі;
қарым-қатынастағы дөрекілік, ұстамсыздық;
ата-ана тарапынан сөз тыңдамаушылық деп бағаланатын баланың дербестік үшін күресі;
Көптеген конфликтке сонымен қатар оқытушылардың өз оқушыларына деген әдепсіз қарым-қатынасы, өзара бірлескен жұмыста оқушы бойынан одақтас, серіктестікті көрмеу, қаламауы да себеп болады.