Дәріс 3. Конфликт түрлері, оның даму кезеңдері және негізгі қызметтері. Жоспар:
1. Әлеуметтік конфликттің негізгі түрлері.
2. Конфликттің дамуының негізгі кезеңдері.
3. Әлеуметтік конфликт қызметтері.
Дәріс мазмұны:
Әлеуметтік конфликттің негізгі түрлері Әлеуметтік шиеленісті топтастыру мәселелері бойынша зерттеушілер арасында бірыңғай көзқарас жоқ. Егер топтастыру негізіне тараптардың ерекшеліктері алынса, онда шиеленістерді былайша бөле аламыз: тұлғааралық, тұлға мен топ аралық, топаралық, кіші және ірі әлеуметтік қауымаралық, ұлтаралық және мемлекетаралық. Егер топтастыру негізіне қоғамдық өмірдің салалары алынса, онда саяси, экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік, заңгерлік, отбасылық-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және т.б. шиеленістер туралы айта аламыз.
Конфликт мотивациясына байланысты зерттеушілер әлеуметтік конфликттің үш блогын бөліп көрсетеді:
билік жүргізуші өкілеттілігі мен ұстанымына байланысты туындағын конфликт;
материалды ресурстарға байланысты;
маңызды өмірлік ұстанымдардың құндылықтарына байланысты.
Конфликттің қозғалмалы күші мен тіршілік әрекеті саласының тоғыспалы талдауының қызықты схемасын А. Г. Здравомыслов1 ұсынды.
Келісілмеу типімен қатар конфликт қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынас сипатын ескеретін әлеуметтік конфликт типологиясын В.Н. Амелин ұсынады3.
Конфликттің бір түрін қарсыласуға тараптардың әртүрлі деңгейлері қамтуы мүмкін. Мысалы, билік өкілеттілігі, материалды ресурстар немесе құндылық бағдары бойынша конфликттер адамдардың тұлғааралық, топаралық, мемлекетаралық өзара әрекеті деңгейінде туындауы мүмкін. Қалыптасу және даму үдерісінде конфликттің бір түрі екіншісіне жүктеліп, бірнеше түрден тұратын қиын конфликттерді құрайды.
Конфликт мотивіне және жағдаятты субъективті түрде қабылдауды ескере отырып конфликттің түрлерін анықтайды:
Жалған конфликт — субъект нақты себеп болмаса да жағдаятты конфликт деп қабылдайды;
Потенциалды конфликт — конфликттің пайда болуына нақты негіздемелер бар, алайда тараптардың бірі немесе екеуі де қандай да бір себеп негізінде (мысалы, ақпарат жетіспеушілігінен) жағдаятты конфликт деп таныған жоқ;
Шынайы конфликт — тараптар арасындағы нақты қақтығыс. Өз кезегінде, шынайы конфликтті төмендегідей тармақтарға бөлуге болады:
сындарлы — субъектілер арасындағы нақты қайшылық негізінде туындаған;
кездейсоқ — түсінбеушілік немесе жағдайлардың кездейсоқ тоғысуы бойынша туындаған;
аралас — шынайы себеп жасырын болған кезде, жалған дерек негізінде туындаған. Мысалы, өз біліміне қойылған төмен бағаға наразы студент емтихан алушы оқытушымен қақтығысқа түсу үшін кез келген сылтау іздейді;
дұрыс тіркелмеген конфликт — нағыз айыпкер болып табылатын конфликт субъектісі қарсыласудың «сыртында», ал конфликтіге оған қатысы жоқ адамдар тартылған. Мысалы, бір адамды өзі жасамаған қылмысы үшін айыптайды. Егер жіктеменің негізіне тараптардың психикалық жағдайы мен осы жағдайға сәйкес келетін конфликт жағдаятындағы адамдардың мінез-құлқы алынса, онда конфликттерді рационалды және эмоционалды деп бөледі. Конфликт мақсаты мен оның салдарына байланысты конфликттерді жағымды, жағымсыз, құрылымды және құрылымсыз деп бөледі.