Типология деп конфликтінің маңызды белгісі негіз болатын топтастыру аталады. Бұл топтастырудың ең бағалы жəне күрделі түрі. Типологияның нəтижесінде конфликтілердің бірқатар түрлерін бөліп көрсетуге болады. Түрдің өзі көптеген конфликтілерді топтастырудың таңдалған негізі бойынша бөлу бірлігі болып табылады. Конфликтілердің базистік типологиясының 4-суретте көрсетілгендей түрлері бар.
Конфликтінің конструктивті жəне деструктивті функциялары бар. Конфликтілердегі жағымды жəне жағымсыз элементтердің арақатынасына байланысты оларды конструктивті, деструктивті жəне жағымсыз салдарлары бар деп бөледі.
Конфликтілердің əр түрлілігі көп жағдайда олардағы себепті – мотивациялық байланыстармен анықталады. Осыны ескере келе, Н.В.Гришина өндірістік конфликтілерді зерттеу нəтижесінде мынандай конфликтті түрлерін бөліп көрсетті: еңбек іс -əрекетінің бірінші мақсаттарына жету барысындағы кедергіге реакция ретінде пайда болатын конфликтілер; бірлескен еңбек іс-əрекетінің екінші жеке сипаты бар мақсаттарына жету барысындағы кедергіге реакция ретінде пайда болатын конфликтілер; қарым –қатынастың қабылданған нормаларына сəйкес келмейтін немесе адамдардың күткендеріне жауап бермейтін мінез–құлыққа реакция ретінде пайда болатын конфликтілер; еңбек ұжымы мүшелерінің жеке – психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайда болатын тұлғалық конфликтілер.
Тұлғааралық конфликтілерді оппоненттер арасындағы бағыныштылық қатынастардың сипатына байланысты «тігінші», «көлденеңінен», жəне «диогоноль» бойынша оппоненттер жанама бағыныштылық қатынастарында болған кездегі конфликтілер.
Жоғарыда сипатталған типологиялар конфликтілердің мүмкін болатын топтастырудың барлық көп түрлігін жоғалтпайды .
Топтастырудың негізіне конфликтінің кез–келген белгісі жатуы мүмкін. Дəл сондықтан конфликтілердің бір топтастыруын құру өте қиын. Бұл қазіргі конфликт психологияның шешілмеген проблемаларының бірі.
Конфликтілерді С.М.Емельянов бойынша топтастыру
Достарыңызбен бөлісу: |