Жел эрозиясы немесе дефляция – топырақтың беткі жағындағы құнарлы қабаттың желмен ұшуы.
Ирригациялық эрозия – суармалы егін шаруашылығымен айналыстатын аудандарда байқалады, ол топыраққа көп мөлшерде судың берілуінен болады. Артық мөлшерде берілген су топыраққа сіңбей, оның бетімен ағады.
Өндірістік эрозия – пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіргенде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай құбырларын салу кезінде байқалады.
Абразия жыртылатын және жайылымдық жерлердің ауданының кемуі (өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы) кезінде болады.
Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |