Дәріс литосферның химиялық экологиясы литосфераның құрылысы және химиялық құрамы



бет14/22
Дата07.02.2022
өлшемі263 Kb.
#82609
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
лекция 5

Топырақтың деградациялануыегістік жерлердің, шабындықтар мен жайылымдардың, орманды жерлердің топырақтарының жел және су эрозиясына шалдығуын, топырақтың физикалық, биологиялық немесе экологиялық қасиеттерінің төмендеуін, сонымен бірге оның табиғи өсімдік жамылғысының ұзақ мерзімге жойылуы нәтижесінде биологиялық және экономикалық өнімділігінің төмендеп, жойылуы.
Қазіргі уақытта өсірілген өсімдікпен бірге кететін органикалық заттарды топырақ құрамына қайтару үшін қажетті органикалық және минералдық тыңайтқыштарды жеткіліксіз қолдануға байланысты топырақтағы гумустық түзілу процесi қарқыны төмендей түсіп, топырақтың бiртiндеп азып-тозуы, құнарсыздануы байқалады.Топырақ гумусы өсімдікті азотпен және басқа қоректік элементтермен қамтамасыз етудің ең негізгі қажетті көзі болып табылады. Топырақта қара шіріндінің жиналуына байланысты қоректік элементтердің мөлшері артады, ал олардың ыдырауы топырақ құрамында өсімдікке сіңімді элементтерді көбейте түседі. Демек, гумустың мөлшері топырақ құнарлылығының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Топырақтағы гумус мөлшері ондағы жалпы органикалық заттардың және оның физикалық, химиялық қасиетінің өзгерісінен реттеліп отырады. Өнім жиналғаннан соң, топырақта өсімдік қалдықтарының қалуы немесе органикалық тыңайтқыштар қолдануы оның құрамындағы қара шіріндінің мөлшерін көбейтіп отырады.
Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстарын эрозия деп атайды. «Эрозия» - термині латынның «erodere» - «бұзу» деген сөзінен алынған. Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты (геологиялық) және жылдам (антропогендік) эрозия деп екіге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет