Дәріс мақсаты: Мәдениет морфологиясын, мәдениет тілін қарастыру Қарастырылатын сұрақтар


Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854)



бет4/6
Дата06.11.2023
өлшемі57,63 Kb.
#189913
1   2   3   4   5   6
Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің мазмұны адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады.
Еуропада кеңінен тараған мәдениет жөніндегі ұғым діни сипатта болды және ол мынандай қағидаларға келіп тірелді:
Мәдениетті ақыл ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну (энциклопедистер)
Мәдениетті ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант)
Мәдениетті эстетикалық, көркемдік шығармашылық қызмет арқылы білу (Шеллинг)
Ең соңында мәдениеттің адазаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея мен дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель)
Адамзат мәдениеті үздіксіз дамып өркендей отырып эволюция мен прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз бағынады.
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақыта ілгерілеп, дамиды. Мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен байланысты.
Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыптасып қала бермейді. Өндіріс қажетті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады оны күрделі ете түседі. Әрбір жаңа материалдық белес мәдениеттің де жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді, яғни ммәдениет ұғымының қоғамдық-гуманитарлық білім шеңберін кеңейтіп, кең саланы қамтитындығын айтып кеткен жөн. Бұл арада материалдық мәдениеттің адам тарихындағы ерекше рөлін арнайы бөліп айту себебіміз – мәдениеттің адам проблемасымен тығыз байланыстылығын естен шығармау қажет екендігіе көңіл аудару болып табылады.
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.
1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар.
2. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.
Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал – саймандар із-түссіз жоғалып кетпейді.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.
Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде
Рәміздер мен белгілер сөз еткенде, ол ненің рәмізі, ол ненің белгісі деген сұрақ туады. Ол ұғымдардың мәнін тек олардың басқа бір үшінші нәрсеге яғни түпнұсқаға қатынасын талдау нәтижесінде ғана ашуға болатындығын білдіреді.
«Белгі», «рәміз» ұғымдары бір мағыналық контексте пайдаланылады.
Белгі” – сезіммен қабылданатын, басқа бір зат, құбылыс, қатынастың өкілі түрінде көретін нәрсе. Белгі – ақпараты қабылдау, сақтау, өңдеу және беру үшін қолданылады. Контекстке байланысты әр түрлі түсіндірілетін және көп мағыналы таңбаға қарағанда белгінің кесімді анықталған бір мағынасы бар.
Тілдік және тілдік емес белгілерді ажыратады. Тілдік белгілер бір-біріне тәуелсіз емес және белгілі бір құрастыру, түсіну және қолдау ережелеріне сай тұтастықты қалыптастырады. Нәрсе туралы ақпаратты сол нәрсені қабілеттілігі абстаркты - ұғымдық ойлаумен байланысты адамзаттың мәдени тарихындағы маңызды жетістік болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет