Дәріс мақсаты: Мәдениет морфологиясын, мәдениет тілін қарастыру Қарастырылатын сұрақтар



бет5/6
Дата06.11.2023
өлшемі57,63 Kb.
#189913
1   2   3   4   5   6
Көркем мәдениет саласында өнердің ерекшелігінен пайда болған әрбір өнер түрлерінің өзіндік бейнелеу–белгілеу жүйелері бар. Бояулы сурет өнерінде белгілік құрылымдарға жататындары: сықақ, түс, ырғақ, композиция. Олардың нақтылы тоғысуы белгілі бір мазмұнды, яғни көркем ақпаратты білдіретін белгі жүйесін құрастырады. Заманның мәдени-көркем стилінің белгі жүйесін талдау оның дәлдік типтерін аңғаруға негіз болды. Оның өзі адам санасына тән сол дәуірдегі әлем бейнелерімен танысуға мүмкіндік береді.
Рәміздің түсіндіретін эстетикалық аппарат адамның қабылдау мүмкіндігінен біршама жоғары еркіндік деңгейінің үлкен санына ие.
Рәміз ең алдымен бар-жоғы қандай да бір белгі - бұл материалдық зат (құбылыс, оқиға). Ол кейбір басқа заттың, ерекшеліктің немесе қарым-қатынастың объективті орынбасары ретінде іс-әрекет етеді және ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылады (ақпарат, білім). Ол зат бейнесінің осы қоғамдық атқарушысы оның функционалдық міндетімен шектеледі.
Адамның күнделікті өмірі рәміздер мен белгілерге толы. Олар белгілі бір жайтқа рұқсат ете немесе тыйым сала отыра, оның мағынасын білдіре және толтыра отыра адамның өзін-өзі ұстауын реттейді.
Мысалы: шеңбер мәңгілік рәмізі ретінде, үшбұрыш – үшбірлік рәмізі, түлкі қулық рәмізі ретінде алынады.
Рәміз – (символ) жалпы мағынасы өте кең. Сондықтан да біз рәміздің бірден екі қырын ажыратуға тиіспіз: біріншіден мәнін, ал екіншіден осы мәннің түсіндірілуін.
1.Мифтік рәміз. Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды.
Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет