Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет2/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Лекция мәтіні (қысқаша):
Еліміздегі басты мәселелердің бірі – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде қарым-қатынасты жүзеге асыруы. Осы мәселені іске асыру барысында жалпы білім беретін мектептерде мемелекеттік тілді жаңаша әдіс-тәсілдермен, технологиялармен оқыту жолдары қарастырылуда. Қазіргі уақыттағы әдістеме ғылымның бір ерекшелігі – тілді үйретудің жаңа технологияларын тәжірибеде кеңінен қолданудың тиімді екендігі.
Қазіргі әлемде ғаламдандыру үрдісі қоғамға ықпалын тигізе бастаған кезде білім беру жүйесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға басты назар аударылуда. Білім беруді жаңарту талабына сай оқыту процесін технологияландыру жұмысы жедел жүргізілуде. Білім беру саласындағы өзгерістер қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгертуде өз ықпалын тигізуде.
Қазіргі кезде халықаралық байланыс күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселелеріне ерекше мән беріп отыр. Қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан қатынас құралы ретінде игерту оның қоғамдық-әлеуметтік қызметін білуді және бағалауды көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік тілді оқыту барысында тіл үйренушілердің сөйлеу қабілетін арттыратын, танымдық көзқарасын қалыптастыратын, өз ойын еркін әрі түсінікті, жүйелі түрде жеткізуге көмектесетін білім бергені абзал. Қазақстандағы мемлекеттік тілдің бүгінгі жағдайы мен даму жолдары мамандардың тілдік қатынасты әр түрлі деңгейде өмірдің, қоғамның қажеттілігіне сай меңгеріп, іс жүзіне асыра білуіне байланысты. аталған талаптарға байланысты Қазақстан Респуликасы Президентінің жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамуының 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Сонымен қатар білім беру тұжырымдамасы Қазақстан Респуликасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екені даусыз. Тұжырымдамада білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, жоғары оқу орны және аталған оқудан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері мен әлемдік білім беру кеңістігінің тәжірибелеріне сай жүйеленген. Бұл жүйелердің толық жүзеге асуы үздіксіз білім беру үрдісін дамытуға зор мүмкіндік туғызады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсы – басқа ұлт мектептері үшін қазақ тілі пәні мұғалімін даярлайтын негізгі пәндердің бірі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілі мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдаларды қалыптастыру негізгі міндет болып саналады. Жоғары оқу орнында өтілетін «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты – болашақ мұалімді өзге тілді мектепте қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде үйретудің әдістемелік жүйесімен қаруландыру, кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау. Келешек маман теориялық білімі терең, практикалық іскерлігі жоғары, шығармашыл белсенділігі дамыған оқытушы болуы керек.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқыту процесінде жақсы нәтижеге жетудің жолы – тілден берілетін теориялық-практикалық материалды жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып беру. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты. әдістеме ғылымы нені оқыту керек, қалай оқытқан дұрыс деген сауалдарға жауап іздесе, оқыту технологиясы қалай нәтижелі болады деген сұрақтың жауабын шешуге тырысады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін студентке меңгерту барысында очындай сұрақтардың шешімін табуға әрекет жасалады. Студент өз бетімен тырысып, қазақша сөйлеудің шешімін өзі табуға тырысуы қажет.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні өзінің бастау негіздері ретінде білім беру философиясының, логиканың, лингвистиканың, психологияның, физиологияның т.б. ғылым салаларының жетістіктеріне сүйенеді. Сонымен қатар мектеп мұғалімдерініңтәжірибелерін талдап-тану арқылы тиімді әдістер мен тәсілдер жүйесін зерделеп, оны студенттерге меңгертуді көздейді. Осылардың негізінде қазақ тілін басқа ұлт мектептерінде оқытылу барысының өткенін талдау мен оған баға беруге, қазіргі күйін танып-білуге, болашақтағы даму жолдарының алғышарттарын анықтай білуге студенттерді үйретеді. Сонымен байланысты қазақ тілін оқыту әдістемесі студенттерге тіл мен ойлаудың байланыстылығын негізге ала отырып, қазақ тілін меңгертудің жаңа әдіс-тәсілдерін оқушыларға меңгерте алатын дағдыларды қалыптастыруды алдыңғы кезекке қояды. Қазақ тілінің теориялық курстары мен педагогика және психология, физиология курстарынан алған білімдерін тұтастыққа келтіре жүйелей отырып, студенттер практикалық шеберліктерін қалыптастырудың жолдарын «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсы барысында қалыптастырады. Сондықтан да «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының студентті маман ретінде шыңдауда алатын орны ерекше болады.
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту барысында төмендегідей міндеттерді шешудің маңызы зор.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының міндеттері:

  • студенттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудыңжолдарын үйрету;

  • студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту;

  • қазақ тілі жүйесін мектепте қатысымдық-танымдық тұрғыдан талдап көрсету;

  • оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

  • қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту;

  • болашақ қазақ тілі мұғалімдері ретінде, өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жетілдіру;

  • педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістемелерді талдй білуге дағдыландыру.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің курсының мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды.
Айтылым: әңгімелесу кезінде байланыс орната білу және оны іске асыру; ақпаратты хабарлау және оны сұрау; серіктесін сөйлеу әрекетіне тарту; пікірін білдіре отырып, серіктерінің жауап қайтару реакциясын туғызу; оқушының пікірін қалыптастырып, серіктесінің жауап қайтаруын айтуын сұрау; әңгімелесу кезінде белгілі бір жағдайларға қатысты көңіл-күйін білу, досының көңіл-күйін білу.
Диолог (пікірлесім). Оқушыларды диалогтың төмендегідей түрлері арқылы сөйлеуге дағдыландыру: этикет түріндегі диолог, сұрау диалогы, талаптану, іздену диалогы, пікір алысу диалогы.
Монологтық сөйлеу. Оқушылардың төмендегідей шеберлікті меңгеруі қажет: өзі туралы, дос туралы, мемлекет, ел туралы, жанұясы туралы, өзі тұратын қала туралы қысқаша хабарлама жасап, әңгімелеп беру; мәтінге сүйене отырып, оның негізгі идеясын жеткізіп айту, сұрақтарға жауап беру; оқыған мәтінмен байланыстырып, қысқаша хабарлама жасау; белгілі бір тірек сөздерді негізге ала отырып,(мысалы, маған ұнайды, себебі...; маған ұнамайды, себебі... ) оқыған мәтінге өзінің көзқарасын білдіру.
Оқылым: мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп оқу; мәтіннің мазмұнын толық түсініп оқу; мәтіннен өзіне керекті не өзін қызықтырған ақпаратты таңдап оқу.
Тыңдалым: күнделікті қарым-қатынас жасау кезіндегі қажетті әдеби-сөйлеу тілін түсіне білу; әңгіменің мақсаты не туралы екенін анықтау, түсінбей қалған жағдайда таныс емес сөздердің мағынасын қайталап сұрау арқылы сөйлемді толықтай ұғыну;әр түрлі хабарламаларды мәтіндерді есту арқылы түсіну.
Жазылым: өз ойын, пікірін, көзқарасын сауатты жаза білу; мерекелерге арнап қысқаша құттықтаулар жазу, өзінің тілектерін білдіру; сауалнама, бланкілерді, т.б. толтыруды игерту; хат, жеделхат, резюме жазуды меңгерту,т.б.
Оқушылар тілдік жағынан білім алуды сөйлесім әрекетінің түрлерімен тығыз байланыстыра отырып, тілдесім арқылы жүзеге асырады. Сондықтан тілдесімді қалыптастыруды тілдік жағынан білім берудегі ерекшеліктермен сабақтастыра игерудің маңызы зор.
Тілдесімнің дұрыс айтылу жағы: қазақ тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айту және естіген кезде бір-бірінен ажырата білу; дауысты дыбыстарды, соның ішінде, қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айта білу; дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан, жіңішке; жақтың ашылуына қарай ашық, қысаң; еріннің қызметіне қарай еріндік, езулік болып бөлінетіндіктен, олардың дұрыс айтылуына мән беру керек; дауыссыз дыбыстардың үнді, ұяң, қатаң болып жіктелетіндігін ескеріп, дұрыс айтылуын бағалаған жөн. Сонымен бірге һ, в, ф, х, ц,ч дыбыстары қазақ тілінің байырғы сөздерінде қолданбайтынына назар аударту қажет; қазақ тіліндегі үндестік заңына: буын үндестігіне және дыбыс үндестігіне тоқталып, оқушылардың жоғары деңгейде меңгеруіне мән беру керек; қазақ тіліндегі үш түрлі: ашық, бітеу, тұйық буындарына тоқталып, оларға мысал келтіру арқылы дұрыс айтып, игеруіне жол ашу; сабақтас құмалас, салалас құрмалас сөйлемдерге интонация, ой екпінін түсіріп айта білуге қалыптастыру; лепті, сұраулы, бұйрықты, хабарлы сөйлемдерге екпін түсіріп, айта білуге дағдыландыру.
Тілдесімнің графикалық жағы: қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесіне мән беру;Орфоэпия, орфографиязаңдылықтарын басты назарға алу;Оқудың техникалық жақтарын және дұрыс оқылуын ескеру;Түбір сөздің жазылу емлесін, бөлек жазылатын сөздер, біріккен сөздер, қос сөздердің емлесіне , қосымшаның емлесін, орыс тілінен кірген сөздер мен қосымшаның жазылуын, шылау сөздердің емлесін, бас әріптің емлесін меңгерту, т.б.Тілдесімнің лексикалық жағы:Қазақ тілін игеру барысында оқушылар әр сынып материалдарына байланысты лексика-грамматикалық минимумды меңгеру қажет;Оқушының сөздік қорын жетілдіріп дамытуда омонимдерге, синонимдерге, антонимдерге, сөздің көп мағналылығына назар аудартып игеру;Қазақ тілінде кездесетін халықаралық сөздердің (экология, эконмика, бизнес,т.б.) қолдану аясына мән беру;Оқушыларға зат есімнің жұрнақтары, сын есімнің жұрнақтары арқылы,т.б. жасалған туынды сөздерді меңгерту,т.б.Тілдесімнің грамматикалық жағы: қазақ тіліндегі зат есімнің грамматикалық категорияларына (жекелік және көптік, тәуелдік , септік) тоқталу;Зат есімнің жіктелуін меңгерту;Етістіктің шақ категориясын меңгерту;Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелеріне, бастауыш пен баяндауыштың қиысуына тоқталу;Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен қандай айырмашылықтары бар екендігіне назар аударту;Салалас пен сабақтас сөйлемдердің арасындағы ерекшеліктерді меңгерту;т.б.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі лекция (конспект-лекция; лекция –пікірталас, лекция-консультация, кері байланысты лекция), практикалық сабақтар, лабораториялық сабақтар, студенттердің жеке жұмысы, арнаулы курстар мен арнаулы семинарлар барысында меңгертіледі. Сонымен бірге студенттердің өз бетімен жұмыс орындауы, бақылау жұмысы, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс жазуы әдістемелік білімін жетілдіруі көзделеді. Мектептермен тығыз байланыс жасай отырып, студенттердің мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысуы белгіленеді, соның негізінде әдістемеден алатын теориялық білімнің өмірмен байланыстылығы танылады. Студенттерге қазақ тілін оқыту және басқа тілдерді оқыту бойынша оқу-құралдар мен әдістемелік әдебиеттер кітапханасын жасау тапсырылады және оқытушы тарапынан қатаң қадағаланады. Лекцияда қазақ тілін оқытудың теориялық мәселелері қарастырылып, практикалық сабақтарда қазақ тілін оқытудың нақты әдістемелері талданады, оқу-әдістемелік әдебиеттер талданады, қазақ тілі сабақтарының болмысы танылады.Лабораториялық сабақтардың ерекшеліктері – тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысының қалыптастырылуы. Себебі лаборатоиялық сабақтарда студенттердің рефлексиялық қабілеттерін дамыту мүмкіндігі мол және ол аса қажет.
Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесін оқуы барысында өзге ұлт өкілдеріне тілді үйретудің басты дағдылары мен ерекшеліктерін қалыптастыруы қажет. Қазақ тілі мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:

  • Қазақ тілін оқыту арқылы оқушының жеке тұлғасын дамытуды басты мақсат етіп, өз бетімен білім алуға дағдыландыру қажет;

  • Оқушы мұғалімнен білім қабылдаушы объект емес, өз бетімен ізденуші, өзін-өзі дамытушы субъект ретінде турбиеленуі тиіс;

  • Оқушыларға оқытудың мақсаты мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесу;

  • Оқушылардың тілді үйренуге деген қызығушылығына мән беру;

  • Мұғалімнің оқушы қиындыққа кездескенде, әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;

  • Мұғалімнің өзін-өзі жақсы білуі;

  • Оқушының тақырып бойынша өз бетімен жұмыс жасауына көмектесу;тілдік қарым-қатынаста болу;

  • Тақырыпты нашар меңгерген оқушылардың білімін стандарт талаптарымен ұштастыру жұмыстарын жүргізу;

  • Жаңаша әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерлігі.

Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу; оқушы білімін дұрыс та шынайы тұрғыданбағалай білу; бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді пайдалан білу; оқушылардың дәптерлерін жүйелі түрде тексеру;оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу т.б. іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет