Әдебиеттер: Оразбаева Ф.Ш. тілдік қатынас.- Алматы 2005
Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. қазақ тілін деңгейлік оқытудың ғылыми-методикалық оқытудың негіздері. Монография. –Алматы,2012
Интернет көздері: Kollegi.kz
http://collegy.ucoz.ru
www.kitaphana.kz
www.kaznpu.kz
www.nachalka.Seminfo.ru
3- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқытуға негіз болатын базалық-нормативтік құжаттар Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме Қазақ тілін деңгейлік оқытуда «Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты мен қазақ тілінің деңгейлік оқу бағдарламалары басшылыққа алынады.
Тұжырымдама– Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетіне, білім мазмұнының негізгі бағыттарына сай пәнді оқытудың әдіснамалық негіздерін: пардигмаларын, ұстанымдары мен қағидаларын, бағыттарын айқындай отырып, пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттерін белгілейтін, оларды іске асыру шарттарын анықтайтын базалық-нормативтік құжат.
Лекция мәтіні (қысқаша): Стандарт: білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын;
жалпы орта білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;
білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін;
білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;
білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін материалдық-техникалық, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз етуге, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қойылатын бірыңғай талаптарды;
білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау параметрлерін;
жалпы орта білім беру ұйымдарында бітіру емтихандарына және жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруға арналған бақылау-өлшеуіш материалдарын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Оның құрылымы:
1.Жалпы ережелер;
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар;
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
2. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағыүлгілік оқу бағдарламасы(оқыту қазақ тілінде емес). Оның құрылымы: