Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет9/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1
ТАПСЫРМАЛАР, Педагогика 300
Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні (қысқаша):
Орта мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасы — оқушылардың мектепте оқу мерзімі ішінде қазақ тілінен алатын білімдерінің мазмұны мен көлемін, дағдыларын белгілейтін мемлекеттік негізгі құжат. Бағдарлама оқу пәнінің тек мазмұнын ғана емес, сонымен қатар оның көлемін де белгілейді.Онда Бұл пәннің өтілу тәртібі, оның салаларының өзара қарым-қатынасы көрсетіледі. Мұның бәрі теориялық материалды баяндаудағы, сөйлеу, емлелік және пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру жұмысындағы жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз етеді.
Бағдамаларды орындау-әрбір мұғалімнің міндеті. Осы мақсатқа оның бүкіл бойындағы жұмысы, барлық күш-жігері бағындырылуы тиіс. Бағдарламаға сүйене отырып, мұғалім өзінің жұмысын жоспарлайды, өзі қалаған ең тиімді әдістемелік тәсілдерді сұрыптайды, сыныпта үйде орындалатын жаттығулар жүйесін жасайды, оларға материал сайлап алады. Сондықтан бағдарламаны танысып, білмейінше мұгалім қазақ тілінен жұмыс жүргізе алмайды.
Қазақ тілінен берілетін білімнің, дағды мен іскерліктің өзара қарым-қатынасы. Қазақ тілі бағдарламасы мыналарды міндеттейді а) оқушы теориялық-танымдық сипаттағы белгілі бір білім көлемін оқитын болсын (грамматика, фонетика, лексика, сөз тудыру тіл туралы ілім тарихы бойынша).ө) әр алуан іскерлік дағдылар мен іскерліктің бір қауым көлемін меңгеретіндей болсын (емледе қатесіз жазу, тыныс белгілерін дұрыс қоя білу, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары.
Оқулық дегеніміз- белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздерін бағдарламаға сәйкес баяндайтын, оқу мақсатына арналған кітап. Оқулық оқылуға тиісті білімнің көлемін мен жүйесін блгілейді. Оқулық оқушылардың көзқарасын қалыптастыруға, белгілі бір білім саласына қызығушылықты нығайтуға елеулі әсер етеді.
Оқулықтың мазмұны мен құрылысы мектепте қазақ тілін оқыту міндеттерімен және осы пәннің ерекшелігімен белгіленеді. Осыған сәйкес қазақ тілі оқулығына мынадай талаптар қойылады: 1) оқушыларға тәрбие беруде, олардың логикалық ойлауын дамытуға жәрдемдеседі; 2) мазмұнды, тартымды, тиімді әдістемелік тұрғыда үйлесімді бірізділікпен орналасқан алуан түрлі жаттығуларды жеткілікті түрде енгізілгені жөн.
Жаттығу жұмыстары қазақ тілінің материалдарына орай берілген теориялық білімді бекітуде, дұрыс жазып, сөйлеу нормасын калыптастыруда және оқушылардың тілін дамыту дағдыларын жүзеге асыруда аса зор септігін тигізеді. Жаттығулар негізінен тілдік материалдардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын, өзіндік ішкі белгілерін, анықтамасы мен ережелерін қайталап, пысықтап бекіту үшін де қолданылады.
Әдістеме ғылымында жаттығулар теориясы жайында алғаш ірі зерттеулерді жургізген И.А.Грузинская. Оның пікірі бойынша тілді меңгерту барысында ең негізгісі және ең қиыны — меңгерілген білімді практикада қолдана білу дағдысының қалыптасуы. Бұл мақсатты, ғалымның пікірінше, жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асыруға болады. Ғалым дағды әрекетін қалыптастыруға байланысты жаттығуларды: 1) тірек; 2) бекіту; 3) елікгеу деп жіктейді. Бұл жаттығулар тілдік материалды тақырып қажеттілігіне сай топтастыруға, қатысымдық тұлғаларды саналы меңгертуге, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға қатысты тілдік тұлғаларды бекітуге, грамматикалық материалды үйретуге тиімді. Жаттығулар сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негізделіп жургізілуі керек, ол үшін сабақ сайын немесе бірнеше сабақтардан кейін қайталанып отыратын тірек жаттығуларының маңызы зор. Мысалы: тірек жаттығуларына аудару, сұрақтарға жауап беру, мәтіннен үзінді жазып алуды жатқызады. Әрі жаттығулардың бір-бірімен ерекше сабақтастығын қадағалау қажет.
Оқыту барысында тақырып тусіндірілгеннен кейін міндетті түрде жаттығу жұмыстарымен бекітіліп, толықтырылады
Қазақ тілі оқулықтарына әдістемелік нұсқаулары 1969 жылдан жазыла бастады. Әдістемелік нұсқауды жазуға оқулық авторлары, әдіскерлер, мұғалімдер қатыстырылды. Әдістемелік нұқсау әр сыныпта өтілетін қазақ тілі материалдарының, атап айтқанда, әрбір грамматикалық тақырыптың мазмұны мен оқыту ерекшелігіне терең талдау жасалып, оның ғылыми негізі мен тәрбиелік жағына баса назар аударылады. Ең алдымен әдістемелік нұсқауда оқулықтың мазмұнына, құрылу жүйесіне талдау жасалады. Оқулықта қандай өзгерістер барлығы, яғни ғылыми-теориялық, дидактикалық, әдістемелік жағынан қандай толықтырулар жасалғанын мұғалімдерге талдап түсіндіреді. Әдістемелік нұсқау оқулықтағы әрбір тақырыпты оқытудың мазмұнын толық аша отырып, оған байланысты қосымша материалдар, жаттығулар, кесте, схема, сабақ үлгілеріне, т.б. мәселелерге баса назар аударыла отырып, мұғалімдерге шығармашылық жұмыс істеуіге бағыт, нұсқау беріп отырады.
Қазақ тілі оқулығын жан-жақты жетілдіру, оқушыға толық әрі сапалы білім беру мақсатында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әдістемелік нұсқаулардан кейін дидактикалық материалдар жинағы шығарылуда.
Ең алғаш дидактикалық материалдар жинағы 1969 жылдан жарық көре бастады. Дидактикалық материалдар оқушылардың алған теориялық білімін тиянақтаты, саналы меңгеруге, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге көмектесетін(, яғни оқулықты толықтыра түсетін көмекш құрал.
Қазақ тіліне байланысты жазылып отырған осындай көмекші құралдардың негізгі мақсаты – оқу тәрбие ісін кешенді жүргізу мәселелерін құрастыру. Осындай талаптар тұрғысында 1998 жылы V-IX сыныптарға арналған “Мазмұндамалар жинағы” (авторлары Ж.Дәулетбекова, т.б.), “Диктанттар жинағы” (авторлары Б.Құлмағанбетова, т.б.) жаңа бағдарлама талаптарына сай жарық көрді.
Мұғалімді осындай әдістемелік құралдармен қамтамасыз етудің өзі мектепте білімнің сапалы, тиянақты берілуін, сондай-ақ қазақ тілі пәнінің ғылыми-теориялық дәрежесін арттыру, қазіргі кезде қолданылып жүрген оқыту жолдары мен әдістерін жетілдіру, оқушыларға өмірге қажетті білім беру, оны өмірде қолдана білуге үйрету мақсатынан туған жайлар демекпіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет