Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет11/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінде кәсіби маманға қажетті коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметті-құқықтық құзыреттерді қалыптастыру мен дамытудың маңызы түсіндіріліп, оның жолдары мен амал-тәсілдері жан-жақты қарастырылады. Мәселен, Құзіреттілік түрлері: лингвистикалық құзіреттілік, қатысымдық құзіреттілік, лингвомәденитанымдық құзіреттілік, ақпараттық құзіреттілік, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі.
Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері. Коммуникативтік құзіреттілік негізгі топқа жатқызылып, кәсіби, әлеуметтік және тұлғааралық құзіреттіліктің ажырамас бөлігі болып табылады. Коммуникативтік құзіреттілік тиімді қарым-қатынас жасаудың жетекші факторы болып табылады [2; 3; 4] және қазіргі өмір сүру жағдайында табысты әлеуметтену, бейімделу және өзін-өзі жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және көп жағдайда тұлғаның жетістігі мен бәсекеге қабілеттілігін анықтайды [5].
Коммуникативтік құзіреттілік дегеніміз жазбаша және ауызша коммуникация мақсаттарын қойып, оны жүзеге асыра білу болып табылады. Атап айтқанда, диалог кезінде өз көзқарасын сауатты түрде білдіру және көпшілік алдында өзге адамдардың түрлі позициялары мен құндылықтарды (діни, этникалық, кәсіби, тұлғалық жәнет.б.) құрметтей отырып сөз сөйлеу.
Коммуникативтік құзіретілік:
· Нақты өмір жағдайында өзінің міндеттеріне жету үшін мемлекеттік және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолданады.
· Тілдік қатынас ( коммуникативтік) міндеттеріне сәйкес стиьдер мен жанрларды таңдайды және қолданады.
Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, интернет) мүмкіндігі. Ақпараттық құзіреттіліктіл үйренушінің қатысымдық және танымдық мақсатқа байланысты өзіне қажетті ақпаратты табу, түсіну, оның мазмұнын жеткізу, талдау, өңдеу, сақтау, тапқан ақпаратты өзінің қажетіне қарай пайдалана алу және жаңа ақпараттық технологияларды игеру біліктілігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет