Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет13/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Әлеуметті-құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Осы жоғарыда аталған үш құзіреттілік болашақ маман үшін қажетті қасиеттер болып табылады.
Бұл құзіреттілік әр сала маманының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған. Қазіргі заман мамандары қандай кәсіптік қызметтерге даяр болуы керек? Осы тұрғыдан келгенде, болашақ мамандар мәселені уақытында анықтай алу, оның себептерін, тиімді және тиімсіз жақтарын белгілеу, тұтынушыларымен тіл табыса алу қасиеттерімен бағаланады.
Демек, «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқыта отырып, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, филология мамандарын дайындау мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық тұрғыда қызмет атқара алатын, жан-жақты, қазіргі заман талабына сай, бәсекелестікке қарсы тұра алатын педагогикалық технологияларды меңгерген мамандар даярлау.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін игеру барысында болашақ маман келесідей құзіреттіліктерге ие болады:

  1. Коммуникативтік (сөйлесім әрекеті түрлерін жан-жақты қолдана отырып, айтылған ақпараттардың мазмұнын, бұқаралық ақпарат құралдарынан берілген жаңалықтарды, әңгімелесу кезінде сөз болған мәселенің негізгі тақырыбын және мақсатын айқындап ұғуы әрі оған өзіндік пікірін білдіру і скерлігі)

  2. Технологиялық (сабақтың тақырыбы мен мазмұнына қарай тиімді технологияны қолдана алу іскерлігі)

  3. Әлеуметтік (әр түрлі әлеуметтік ортада тәрбиеленген түрлі көзқарастағы балаларды ортақ мақсатқа жұмылдыру іскерлігі)

  4. Креативтік (түрлі технологияларды пайдалана отырып оқушыларды ұшқыр ойлауға үйрету іскерлігі)

  5. Ұйымдастырушылық (әр түрлі жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастыра алу іскерлігі)

  6. Әдістемелік (тиімді әдіс-тәсілдерді, көрнекіліктерді қолдану арқылы сабақтың мақсатына жетудің түрлі жолдарын қарастыру іскерлігі)

Еліміздегі саяси-экономикалық, мәдени, қоғамдық саладағы өзгерістерге сай білім беру ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуы еңбек нарығында кәсіби маманға қойылатын талаптың жоғарылауына байланысты ісін жетік білетін, кәсіби білімі мол мамандарды қажет етеді. Ондай мамандарды дайындауда БББ-ның мазмұны маманға тиісті құзыреттіліктерді қалыптастыратын пәндерді дұрыс таңдау мәселесімен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет