Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет15/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Лекция мәтіні (қысқаша):
Әдіс – «метод» деген гректің сөзбе-сөз аударғанда «бір нәрсеге жету жолы» немесе «зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Осы күнге дейін дидактикада шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі – оқытудың әдістерін айқындау, топтау, жіктеу, жүйелеу.
Белгілі бір тілдік материалдардың ішкі құрамын танытатын білім берудің құралдарын талдау әдісі деп аталады. Талдауды методикалық әдебиеттерде анализ деп те жүргізіледі. «Анализ» analiysis қазақша баламасы – «талдау». Анализ –грек тілінен алынған термин сөз, қазақша ыдырату деген мағынаны білдіреді. Тілдегі бір материалдың бөлшектерін ажырата білу, бір тақырыптың өзіне тән белгілерін саралап көрсету, тақырыптың әр түрлі ерекшеліктерін қамтыған сұрақтарға жауап беру, мәтіннен белгілі бір тұлғаларды, формаларды теріп жазу, тілдік (грамматикалық) заңдылықтарды әр жақты алып дәлелдеу немесе дыбысты буынға буынды сөз бөлшектеріне, сөз бөлшектерін сөзге, сөзді сөз тіркестеріне, сөз тіркестерін сөйлем түрлеріне ажырату – анализ талдау жүйесіне жатады.
Синтез – synthesis грек тілінен алынған термин сөз, қазақша біріктіру деген мағынаны аңғартады. Мұның дәл қазақша баламасы жинақтау деген ұғымды білідреді.
Индукция – indyctio латын алынған сөз. Қазақша даралық дегенді аңғартады. Индукция – деке, дара бөлшектерін немесе жеке пікірлерден жалпылай ой қорытындысын шығарудың тәсілі, амалы, дарадан жалпыға көшудің түрі.
Дедукция – deductio латынның алынған сөз. Қазақша жалпылық деген мағынаны білдіреді. Бұл жалпыдан дараға қарай ой қорытындысын шығару деген сөз.
Атрибут - латынның аttributum деген сөзінен жасалған термин, ол бірдеменің, заттың белгісі, заттан ажырамайтын тәуелділік дегенді білдіреді. Субстанция – латынның substantis (мән –деген мағынада) сөзінен жасалған термин, ол заттар мен құбылыстардың мәні (сущность), табиғаты, түп негізі дегенді білдіреді.
Реляция латынның қатынас (отношение) деген мағынадағы relatio деген сөзінен жасалған термин.
Салыстыру әдісі – тілден өткізілген сабақтардың барлық түрлеріне де, мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі мен оқушылардың өздігінен ізденіп, жүргізілетін практикалық жұмыстар үстінде де қолданылып отырады.
Салыстыру әдісі мына жағдайларда қолданылады:

  • тілдердегі сөздерге әр түрлі қосымшалардың жалғану тәртібі;

  • тілдегі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің құрылысының ұқсастықтары мен ерекшеліктері;

  • тілдегі сөздердің жасалу жолдары; т.б.

Бақылау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім беру және оны практикалық дағдылар арқылы іске асыруда қолданылады.
Эксперимент әдісі – ғылыми- методикалық еңбек жасау үшін жүргізіледі. Эксперимент – ғылыми тәжірибе деген сөз.
Оқу әдістерін жүйеге түсіріп топтап –жіктеудің оқыту процесінде алатын орны маңызды. Оны жіктеудің мұғалім үшін де білімді қабылдап отырған оқушы үшін де, оның танымдық іс-әрекеті үшін де маңызы зор.
Әдістемелік еңбектерде оқыту әдістерін әр түрлі топтаудың жүйесі бар. Солардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Тілді оқытумен байланысты әдіскер ғылым Л.Федоренко 3 топқа бөліп қарастырады:

    1. тілді теориялық жақтан игеру әдісі

    2. теория –практикалық әдіс

    3. практикалық әдіс

Ә.Исабаев білім алу көздеріне қарай: 1) қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдісі (түсіндіру, диалог, монологтік сөйлеуге үйрету әдісі, мәнерлеп оқу) 2) қазақ тілін теориялық жақтан үйрету жұмыс әдісі (әңгіме, хабарлау, түсіндіру, тәжірибе әдісі, кітаппен жұмыс әдісі); 3) қазақ тілін теория- практикалық жақтан меңгеру әдісі (грамматикалық талдау, шығарма жазу т.б.) деп топтайды.
Әдіскер ғалым К.Назарғалиева: 1) оқыту әдісі (ауызша баяндау, хабарлау, түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, демонстрация, экскурсия, тексеру, жүйелеу, бақылау т.б.) 2) оқу әдісі (әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, жаттығу т.б.) деп екі топқа бөліп қарастырады.
Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге, оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді. өтілген материалдың өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтарын оқушыларға меңгерту болып табылады.
Әңгіме әдісі. Қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын анықтайтын, бірде мұғалімнің өзі түсіндіріп, бірде оқушының өзін іздендіретін әдістің бірі- әңгіме әдісі.
Бұл теориялық материалдарды практикалық жұмыстармен ұштастыру негізінде жүзеге асырылады. Мұны кейде мұғалімнің түсіндіруі мен оқушының жауабына қарап, сұрақ- жауап әдісі деп те атайды. Қазақ тілінен өтілетін мына сияқты дағдылары қалыптасады: оқушылардың білім алу талабына сай, белсенділігі артады; тілдің өзіндік белгілерін дәлелдеп айтуға қызығады, тілін ұстарту негізінде сөйлемді стилистикалық жақтан дұрыс құруға бейімделеді; жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бойынша көрген- білгенін дұрыс айтуға жаттығады, өз пікірінен қорытынды шығаруға үйренеді.
Хабарлау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде, тілдік материалдық жалпв заңдылығын, өзіндік белгілерін нақтылы мысалдар арқылы хабарлайды. Тілдік фактілердің жалпы қасиеттерін хабарлай отырып, оның жасалу жолдарына көздерін жеткізеді.
Материалды мұғалімнің ауызша хабарлау әдісінің бірі — түсіндіру. Түсіндіру әдісі - мұғалімнің оқушыға тиянақты түрде даярлаған баяндамасы. Ұлттық мектепте сабақты түсіндіру орыс немесе қазақ тілдерінде жүзеге асады. Орыс және қазақ тілінде жүргізу оқушының жас ерекшелігі мен әр ұлт өкілдерінің сыныптагы қатыстық санына байланысты.
Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабақтарында лексикалық, грамматикалық материалды оқытуға байланысты қолданатын өзінің нақтылығымен, қысқалығымен, түсініктілігімен, практикалық мақсатымен ерекшеленеді. Түсіндіру әдісін қолданғанда, мүғалім бірсыдырғы педагогикалық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек. Олар: түсіндірілетін материалдың ғылымда әбден орныққан, қалыптасқан, даусыз болуы, теориялық қателердің болмауы, мысалдармен дәлелдеудің жеткілікті болуы, теориялық қателердің болмауы, мысалдармен дәлелдеудің жеткілікті болуы, алдын ала жоспар құрылып, мақсатқа жету міндеттердің айқындылығы, оқу материалының сөйлеуге, оқушылардың танымдық қажеттігіне қарай өзекті элементтердің қамтылуы, оқушы ұғымына жеңілдік жасайтын көрнекіліктердің болуы.
Ауызша баяндау әдісінің екінші түрі - әңгіме. Бұл - әдіс, негізінен, сұрақ-жауапқа құрылады. Әңгіме әдісі орыс мектебінде жаңа білімді хабарлау, алған ілімді бекіту білімді тексеру сияқты сабақтың барлық буындарында қолданылады. Жаңа білімді хабарлау кезіндегі әңгіме өдісі оқушылардың алдын алған біліміне сүйенуге болатын жағдайда ғана қолданылады. Әңгіме арқылы материалды игертудің 2 логикалық жолы бар: тіл фактілерін талдау арқылы ереже анықтамаларды баяндау және ереже, анықтамалардан тіл фактілерін талдауға көшу. Бұл оқушының жас ерекшелігі мен ойлау дөрежесіне, білім деңгейіне қарай таңдалып жүргізіліп отырады. Дегенмен, жаңа тілдік материалды түсіндіру әдісінің индуктивті жолмен орындалуы басым болғанда, тиімдірек екені тәжірибеде анықталады.
Пікірталас әдісі. Бұл элемент батыс елдерінің оқу орындарында жиі қолданады. Оқушының белсенді жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Әр оқушыға сөйлеуге 1,5 минут беруге болады.
Ең 1-шарт — тақырып әр түрлі көзқараста, пікірталас туғызатындай болу керек. Егер оқушыларда білім қоры болмаса, жүргізудің ешқандай дидактикалық мәні болмайды. Эмоционалды атмосфералық фон жасайды. Білімді бекіту кезеңінде қолданған тиімді. Мысалы, сөйлем құрауда ойдың негізгі діңгегі бастауыш па, баяндауыш па? Деген сұрақ қоя отырып, пікірталас тудыруға болады.
Сөз (сөздік) әдісінің бір түрі — дәріс (лекция) әдісі. Бұл әдіс жоғары сыныптарда жүргізілетін материалды мазмұндаудың монологті түрі. 30-40 минутқа созылу мүмкін.
Көрнекілік әдісі. Оқыту процесінде көрнекі құралдарды пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады.
Көрнекілікті қолданудың негізгі мақсаты-игерілетін материалдың мазмұнын айқындай түсу, оны оқушылардың санасына берік қалдыруға мүмкіндік жасау. Көрнекі құрал мұғалімнің оны орынды қолдана білгенде ғана тиімді болатыны сөзсіз.
Көрнекі оқу құралдары кескінделген және экранды-дыбыстық болып екіге бөлінеді. Кескінделген көрнекі оқу құралдарына кесте, схема, фото-сурет, сурет, оқиғалы картиналар т.б. үлестірме дидактикалық каточкалар жатады.
Кітаппен жұмыс бастауыш сыныптарда мұғалім басшылығымен орындалады да, сыныптар жоғарылаған сайын оқушылар бетінше жұмыс істеге дағдыланады.
Кітаппен жұмыс өдісінің жүзеге асу тәсілдері:
конспект жасау-оқыған материалының қысқа мазмұнын жазу;
мәтіннің жоспарын жасау-бөліктерге бөліп, оларға тақырып қойып, күрделі және жай жоспар жасалады;
Тезис жасау-оқыған шығармасының негізгі идеясын қысқа мазмұндау;
Цитаттар теру-мәтіннен үзінді келтіру;
Аннотациясын жазу оқиғаны қысқаша мазмұндау;
Пікір жазу- оқыған шығармасына қарай өз көзқарасын, ойын, пікірін білдіру.
Грамматикалық талдау жасау әдісі. Грамматикалық талдау жұмысын үнемі жүйелі жүргізіп отыру оқушылардың алған теориялық, практикалық білімін жетілдірумен қоса, оны іс жүзінде жазбаша, ауызша, білімде сауатты қолдана білуге машықтандырады.
Сөзге фонетикалық талдау жасау түбірге қосымшалардың дыбыс және буын үндестігі бойынша жалғану тәртібін меңгеруі, сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу және жазылу емлесін неғұрлым жетік игеруге себін тигізеді.
Талдау жұмысына сөздерді буынға бөлу, оларға әр түрлі қосымшаларды жалғау, дыбыстарды жуан-жіңішкелігіне қарай қатаң, ұяң, үнділігіне қарай топтап ажырата білуге арналған жаттығулар жатады.
Грамматикалық талдау морфологиялық және синтаксистік болып 2-ге бөлінеді. Морфологиялық талдау жасауда оқушы сөздің түбірін, қосымшалардың тобын білуге және сөз таптарын ажырата білуге үйренсе, сөйлем мүшелеріне талдау арқылы сол сөздің синтаксистік қызметін, сөйлемдегі орнын анықтауға, жіктелу ерекшелігін меңгеруге жаттығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет