Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет12/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Ақпараттық құзіреттілік:
-Сыни тұрғыдан ұғынылған ақпарат негізінде саналы шешім қабылдайды.
- Ақпараттарды өз бетімен табады, талдайды, іріктеу жасайды, қайта құрады, сақтайды, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен жұмыстарды жүзеге асырады.
Яғни жаңа формация мұғалімі «Адам-Адам» жүйесінде жұмыс істей алуы керек ( мұғалім- оқушы) және оның жұмысы тәрбие жұмысына да ықпалын тигізуі керек. Мұғалім орындатушының орнына бағыттаушы, ал оқушының деңгейі обьектіден субьектке айналуы тиіс.
Ал осы құзіреттіліктерді меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық және басқа да адами қабілетіне игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Орта буынға келген оқушылар әр түрлі дайындық, әр түрлі білім деңгейімен келеді. Сондықтан оқушылармен алғашқы кездескенде-ақ олардың сауаттылық деңгейін, білім дәрежесін, өз бетімен ізденіс жұмысына икемділігін бақылап, зерттеп, олардың ойлау дәрежесін, белсенді танымдық әрекетінің дәрежесін білуге жұмыстануымыз керек.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.
Проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі – күнделікті өмір жағдаяттарында өз алдына мақсат қойып, оны жүзеге асыруда тілден игерген білім, білік, дағдыларын ұтымды қолдана алу біліктілігі.Проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі:
· Түрлі жағдайларда проблемаларды анықтайды, жауапты шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалайды.
· Өз іс- әрекетіне мақсат қоя алады, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтайды.
· Қойылған міндеттерге сәйкес технологияларды және нормаларды таңдайды.
Лингвомәденитанымдық құзіреттілік–қазақ тілін меңгеру барысында қазақ халқының қатысымдық-сөйлесімдік ерекшеліктерін ескеру, тілдің лингвомәдени нормаларын сақтау, мәдениаралық қатынасты жүзеге асыру біліктілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет