Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет38/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#174979
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   75
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX

Әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010. 
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тҽуелсіз Қазақстан: 
алғышарттары жҽне қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев жҽне 
т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 
2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Ҽбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010. 
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 
2007. – 344 с. 
Тақырып 13. «Алаш» қозғалысы және ҧлттық мемлекет идеясы. 


1.Түркі-мұсылман халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының ҿзара 
байланыстары. 
2. Орыс түркітану ілімі жҽне оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына ҽсері. 
3.Маркстік, либералдық-демократиялық,кадеттік топтар мен ағымдардың қалыптасуы. 
Тақырып 14. «Алаш» қозғалысы және ҧлттық мемлекет идеясы. 
1. Ресейдегі ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы жҽне оның Қазақстанға 
ҽсері. 
2. 1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс. 
3. Қазақ зиялыларының саяси, мҽдени ағартушылық қызметін зерттеудегі жаңа тҽсілдер. 
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тҽн дағдарыстың салдары болып 
табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нҽтижесінде патша үкіметі құлатылды. 
Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, 
крепостниктік құрылысқа жҽне отарлық езгіге қарсы кҿп жылдық күресінің жеңісімен 
аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік 
Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік жҽне қоғамдық тҽртіпті қалпына келтіруді ҿз 
қолына алғанын мҽлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен 
Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа 
құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні 
жарияланды.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен 
қарсы алды. 
Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына 
мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі 
қоғамдық ҿмірде саяси партиялардың ролі орасан ҿсті. Революция патшалық цензураны 
жойды. Жұртшылық сҿз жҽне жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша 
үкіметтің ұлттық мҽселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 
наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай 
шектеушілікті алып тастауы болды.
Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нҽсілдік кемсітушілік жойылды деп, 
ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған 
езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан 
тҿңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мҽні де осында болатын. Ақпан тҿңкерісінің 
қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: ―Алғашқы революцияны 
қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды 
патша ҿкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында жҽне, екіншіден, оларды ҿзімізді 
басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді‖, - деп түсіндіреді. 
Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси ҿмірдің 
біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, ҽсіресе, олардың жергілікті ұйымдары 
мен топтары ҿз ҽсерін тигізді. 1917 жылдың кҿктемінде болып ҿткен облыстық қазақ 
съездері болашақ партияның бағдарламасын ҽзірлеуге кҿмектесіп, съездерге қатынасқан 
делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының ҽлеуметтік негізін 
құрады. Осылайша, 1905 жылдың ҿзінде-ақ құруға ҽрекет жасалған "Алаш" партиясы іс 
жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың 
желтоқсанында жүзеге асқан еді. 
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен 
қарсы алды.Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен 
пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз 
етті. Елдегі қоғамдық ҿмірде саяси партиялардың ролі орасан ҿсті. Революция патшалық 
цензураны жойды. Жұртшылық сҿз жҽне жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. 
Уақытша үкіметтің ұлттық мҽселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 


жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай 
шектеушілікті алып тастауы болды.
Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі жҽне ұзаққа 
созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мҽдениетте де 
мамандар санының ҿсуінен кҿрінгені күмҽнсіз. Оның барысын отаршылдық режим 
жағдайлары, патша ҿкіметінің бағындырылған халық жҿніндегі кемсітушілік саясаты 
тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы халықтың 
интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең болып табылады. 
ХХ ғасыр басындағы дҽуір шеңберінде қазақтың алдыңғы қатарлы жастары оқу-
білімге кҿптеп, шын ынтамен ағылып келе бастады. Олар сол кезеңдегі Ресейдегі 
ҿнеркҽсіп, ғылым мен мҽдениеттің кҿрнекті орталықтары Санкт-Петербургте, Мҽскеуде, 
Казанда, т.б. қалаларда орта жҽне жоғары оқу орындарында оқып білім шыңдады. 
Сонымен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана Петербург 
университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыған. Б. Қаратай, Б. Құлман, Б. 
Сыртанұлы, А. Тұрлыбайұлы, М. Шоқай, Ж. Ақбайұлы жҽне басқалар. Сондай-ақ, Мҽскеу 
мен Санкт-Петербургтың басқа жоғары оқу орындарын Ҽ. Бҿкейхан, Х. Досмұхамедұлы, 
М. Тынышпайұлы сияқты қазақ жастары бітірген. Яғни, қазақ зиялыларының басым 
кҿпшілігі Ресейдің бас қалаларында жҽне сол сияқты Қазақстанмен кҿршілес Омбы, Том, 
Орынбор, Ташкент, Саратов, т.б. қалаларында оқып, алғашқы саяси ҽрекеттерге сол 
жерлерде араласып, қоғамдық-саяси кҿзқарастарын қалыптастыра бастады. Оқып-тоқып, 
қоғамдық сана-сезімі байи түскен ХХ ғасыр басындағы қазақ жастары қай жерде жүрсе де, 
қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы ойлануды бір сҽт те ұмытқан 
жоқ. Қазақ халқының Ресей патшасы үкіметінің тұсындағы ҽлеуметтік-саяси саладағы 
теңсіздік жағдайын танып- білген сайын іштей де, сырттай да шешуші қадамдар жасауға 
бекініс жасап отырды. Ол үшін қазақ халқының Ресей қоғамында ҿзге халықтармен қай 
салада да тең орын алуына жетісуі ҿте-мҿте қажет деп бекінетін ілгергі лектегі қазақ 
жастары. Ал бұл мақсатқа жету үшін байтақ қазақ жерін мекен еткен қандастарымыздың 
қоғамдық сана-сезімін оятып, оларды ҽлеуметтік міндеттерді (жер-су дауы, т.б.) шешуден 
гҿрі біртіндеп болса да саяси күрестерге шыңдау қажет деген қорытындыға тоқтады. 
Қазақ халқының орта ғасырлық мешеуліктен жаңа заманның кҿшіне еріп, 
ҿркениетті елдермен терезесі теңесуі үшін оқу-ҿнердің ауадай қажеттігін санасына сіңіру 
– кезек күттірмес міндет ретінде күн тҽртібіне қойылды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» 
газетін саяси мінбеге айналдырып, ұлт зиялылары халқына дҽріс берді. Ҽлихан Бҿкейхан, 
Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай
Мұхаметжан Тынышбайұлы сынды саяси-рухани кҿсем тұлғалардың отты мақалаларынан 
күш алып, жігерін жаныды. 
Сол тұстағы қазақ зиялыларының кҿпшілігі жоғары оқу орындарының заң 
факультетін бітіріп, құқ туралы терең білім алу арқылы жерін, елін заңсыздықтан 
қорғамақшы болды. Ал бұл тұста қазақ даласында зорлық-зомбылық күшті белең алып 
тұрды. Қазақтың жер қайыстырған малы мен тасыған дҽулеті оның кҿбеюіне себепші 
болған құнарлы жері ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Қараңғы халық 
заңсыздықтан азап шекті. Осындай жағдайда заңды білуге ұмтылу жұрттың алдына 
қойған үлкен арман- мақсат болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет