-
материалдық, шаруашылық қатынастары;
-
рухани мҽдениетінің жҽне психикалық ортақтығының қалыптасуымен
байланысты жүзеге асты.
Бұл жағдайлардың пайда болуына Қазақ хандығының құрылуы негіз болды. XV
ғасырдың соңғы отыз жылы – бұл Қазақстан мен Орта Азия
тарихындағы ірі-ірі саяси
оқиғалар болған уақыт. Қазақ хандығы күшейе түсті, қазақ хандарының Сырдариядағы
қалалар мен олардың тҿңірегіндегі кең байтақ далалар үшін күресі шиеленісе түсті, шын
мҽнінде бірнеше феодалдық иеліктерге бҿлінген Моғолстан барған сайын ҽлсірей берді.
Темір ұрпағының да ҽскери қуаты, олардың ықпалы біртіндеп құлдырай түсті. Аймақтағы
саяси жағдай ең алдымен экономикалық факторлардың бүкіл ҽрекетін – кҿшпелі жҽне
жартылай кҿшпелі мал шаруашылығының отырықшы егіншілікпен ҿзара
байланысын
қалпына келтірудің қиындығы мен қажеттігін, феодалдық топтардың қолҿнер, сауда жҽне
олар арқылы ҿтетін сауда жолдарының орталығы ретінде Сырдария ҿңіріндегі қалаларды
жеке дара билеуге ұмтылуын бейнеледі. Сонымен бірге Сырдария ҿңіріндегі қалалар,
олардың тҿңірегіндегі кҿшпелі жұрт мекендеген жерлер үшін, Жетісу территориясы үшін
күрес қазақ, ҿзбек, қырғыз халықтарының этникалық территориясының қалыптасу
барысын, қазақстандық-ортаазиялық регион территориясындағы этникалық процесстердің
тоғысуы күрделіленгенін кҿрсетті.
Оңтүстік жҽне Орталық Қазақстанды билеу үшін Шайбанилықтармен күрескен қазақ
хандарының нақты күші болғаны сҿзсіз, олардың тҿңірегіне кҿшпелілердің едҽуір
бұқарасы топтасты. Олардың Жетісуда берік сүйеніші болды. Ҽбілқайыр
ханның
мұрагерлеріне тек Сырдария ҿңіріндегі территорияларға иелік ету жолындағы
бақталастықпен шектелуіне, бұл үшін Темір ҽулетінің,
моғол хандарының, маңғыт
мырзаларының кҿмегіне сүйенуге тура келді.
Қазақ хандары XV ғасырдың 60-шы жылдарының соңында Шығыс Дешті
Қыпшақтағы ҿзара таласқан күреске араласты. Бұл ұзаққа созылмаған күрестің
нҽтижесінде Ҽбілқайырдың мұрагері оның баласы Шайх Хайдар толық жеңіліп, ҿлтірілді.
Ҽбілқайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға кетті. М.
Шайбани Түркістанға қайтты, оның Темір ҽулетінен
шыққан басқарушысы Мұхаммед
Мазид тархан кҿмек беруге келісті. Бірақ, 1470 жылдың қысында Керейхан Түркістанды
алды, ал Жҽнібектің балалары сұлтандар Махмұд пен Еренші, Созақ пен Сауранды
алғасын М. Шайбани ҿзінің тҿңірегіндегілермен Самарқандқа кетуге мҽжбүр болды.
XV ғасырдың соңында Жетісудың тайпалары
мен руларын Қазақ хандығына
біртіндеп қосу процесі одан ҽрі жалғасты. Саяси жағдай Қазақ хандығының нығаюына
қолайлы болды. Мырза Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінде жазғанындай,
«хижраның 940 (1533/1534) жылына дейінгі уақыт бойында қазақтар Ҿзбекистанның
денін (Шығыс Дешті Қыпшақ - Ҽ.Ҿ.) түгелдей билеп тұрды».
Сҿйтіп, XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында Қазақ хандығының
анағұрлым кең жҽне берік этникалық негізі болды да, оған қазақ халқын құраған
этникалық топтардың бҽрі дерлік жҽне олар мекендеген бүкіл территория түгелдей дерлік
біртіндеп кірді.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 2002.
2.Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 1979.
3.Тынышпаев М. История казахсого народа.-А.,1993,79-б.
4. М.Х. Дулати. Тарих-и Раштди.-А.,1999,
5.Қозыбаев М. Қазақтың данқын асырған. //Егемен Қазақстан,2000, 1 ақпан.
Достарыңызбен бөлісу: