Дәріс ойлау және қиял. Ойлау жөнінде түсінік


Ойлау жөніндегі теориялар



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі21,42 Kb.
#86578
1   2   3   4
2 Ойлау жөніндегі теориялар
Ойлау проблемасы көп дәуірге дейін психология. саласы болудан гөрі, философия мен логика нысаны. Сондықтан да ойлау процесін зергтеуде ғылым бағыттары арасындағы күрес бірде толастамаған. Он жөніндегі алғашқы материалистік бағыт классикалық сенсуализм тұжырымын негізге алып, алғаш сезімдік танымда болмаған дүние санада бейнеленуі мүмкін емес деген шешімді уағыздады. Алайда бұл теориялық тоқтам көбіне ойлауды ес, елес бейнелерінің бірлігі немесе ассоциация нәтижелері деп үстірт түсіндіреді. Бұлай топ шылаудан от де белсенді процесс ретінде танылмаған ойлау өз алдына дербес, процестік сипатынан айрылып, жақын кезеңдегі дейін ғылымда арнайы зерттеулер аумағынан тыс қалды.
Қарама-қарсы бағытты ұстанған идеалист философтар ойлауды адам рухының айрықша, қарапайым бөлшектерге жіктелмейтін процесс формасы деп таныды Біздің заманымызда ойлауды рухтың символдық белсенділігінің көрінісі ретінде тану неоканттық философия негіз болып отыр. Ойлау -психикалық іс-әрекеттіңерекше турі деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрц-бургтық ғылыми мектеп болды. Бұл бағытта өз тұжырымдарын эксперименталды дәлелдеуге ұмтылған XX гасыр басындағы неміс психологтары (О.Кюлье, А.Мессер, К.Бюлер, Н.Ах) ойлауды одан әрі бөлшектенбес сана қызметі деп білді; оны сезімдік негіз бен сөздік өрнектен бөлектеді, оны таза рухқа теніп, бұл мәселеде идеалистік тарапқа қолдау берді.
Сонымен ойлаудың ғылыми шешімі табылмай, бұл жөніндегі проблема тығырыққа тірелді. Енді жантану ғылымында бұл құбылыс ты материалистік тұрғыдан түсіндіруден басқа жол қалмады. Мұндай түсінімнің мәні келесідей еді: ойлау - өз тамыры мен тарихына ие, заттасқан іс-әрекет формаларын сипаттайтын тарихи қалыптасқан жабдықтарга сүйенеді және тілдік жүйені негізгі құрал пайдаланады. Бұл міндеттерді атқару үшін шынайы ойлауды "рух көрінісіне" тендестірмей, оны қоғамдық желісінде қалыптасып, алғашқыда затпен тікелей байланысқан әрекет ретінде орындалатын, мәндік байланысқан және арақатынастағы тіл жүйесін пайдаланатын процесс, ал кейін шікі "ақыл-ой қызметіне" айналып, қысқартылған формаға келетін сана әрекеті деп тануы қажет
Адамның ойлау қызметі үшін сезімдік танымға қарағанда, сөйлеу мен тіл әлдеқайда маңызды. Ойлаудың ең жоғаргы формасы сөзді логикалы ой (вербально логическое мышление). Тек қана осы ой формасында адам тілдік таңбаларды (коды) қолданумен күрделі байланыстар мен қатынастарды түсініктер қалыптастырып, қорытынды жасаумен күрделі теориялық мәселелерді шешеді. Адамның ойлау қызметі, қандай да формада орындалмасын, тіл қатысынсыз жүзеге келмейді. Ойлау процесі жануарларга да тән, бірақ олардың ой жүйесі көрнекілікке құрылып, белгілі мезетте көз алдында тұрған нақты заттармен ғана байланысты. Ал адам өз ойы арқылы танылуы тиіс нысаннан тікелей байланысын үзіп, оның қасиеттері мен сипаттарын тілдік белгілермен өрнектеп, тындаушыға жеткізе алады. Сонымен, ғылыми психология үшін сөз тек тілдесу қажетін орындап қана қоймастан, негізгі ойлау құралы да болып есептеледі.
Бірақ ойлау мен сөздің ажыралмас байланысынан ой мен сөзді бір нәрсе екен деп қарастыруға болмайды. Екеуінің төл таабиғаты әрқандай. Мұның дәлелі: бір ойды әрқилы сөзбен өрнектеуіміз қысылтайанда білдірейін деген ойымызды жеткізуге сөз таба алмай күйзелуіміз; кейде көп сөйлеп, бірде-бір ойды жеткізе алмауымыз, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет