Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. Жаратылыс эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық теология и т.б.)
Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) – адам табиғи жолмен адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды. (Ч. Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм, позитивизм)
Адамның ғарыштық эволюция концепциясы – адам ғарыштық, биологиялық эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда болды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. Рерих және т.б.)
3. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттіліктерінен көрінеді. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезімді жанжақты қарастыру және көтерудің маңызы – ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келтіруді білдіред. Рух дегеніміз - өзіндік сезіну, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты. Қазақ халқының руханиятына – оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтыры жатады.
4. Ойлау және тіл. Адамның ойлану әрекетi тiкелей сезiмдiк таным үрдiстерiмен ғана емес, тiлмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Осындай ерекшелiк адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық өзгешелiгiн көрсетедi. Жануарлардың қарапайым ойы нақтылы әрекетке байланысты, ол жанама, абстракты ой бола алмайды.
Адам сөйлеу, дыбысты тiл нәтижесiнде нәрселер мен құбылыстардың мәндi, тұрақты белгiлерiн ой арқылы бейнелей алады. Бұл ретте, тiл адамның ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адамның ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сөз арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтiп, заттар мен құбылыстарды әртарапты танып бiлуге мүмкiндiк туады.
Адам тiлдiк материалдар негiзiнде ойланады. Өз ой-пiкiрлерiнiң жүйесiн, нәрселер жайындағы нақты түсiнiктерiн жасайды. Әрбiр ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жүйелi болып, оның нәрселердiң мәнiн түсiнiп бiлуi сөйлеу арқылы жүзеге асып, өзгелерге жеткiзiледi. Адамның ойы тiлмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тiлдiк материал арқылы өзiнiң шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.
Ойлаудың қоғамдық мәнi. Ойлаудың тiлмен тығыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәнi адам ойлауы дамуының қоғамдық-тарихи сипатта болатындығын көрсетедi. Адамның дүниетанымы, бiлiмi және өмiр тәжiрибесiнен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысып отырады. Бұл – тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетiлуi мен бiлiмнiң өсуi әрбiр ұрпақ жасаған бiлiм қорын меңгерiп, оларды әлеуметтiк өмiр қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтiп, тарихи даму адам баласының қоғам өмiрiндегi қарым-қатынасын нығайтады.