Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет11/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Дербестік
— жеке адамның қайталанбайтын, өзіндік болмысы, өзінің субъектісі 
түрінде оның мақсаты мен мән-мағынасы болатын іс-қимылы. Сыртқы мақсатқа 
қанықгьшық пен сыртқы қажеттілікке бағындырылған іс-әрекетке (жатсыну жүйесіндегі 
қызмет, 
сондай-ақ 
материалдық 
өндіріс 
саласындағы 
еңбек) 
кдрсы 
қойьшады.
Маркс
 адамның әлеуметтік жағынан азаттық алуын оның қандай да болсын іс-
әрекетін шын мәніндегі дербестікке бағыттауымен байланыстырды. Алайда бүл әрекет 


табиғатқа жауапкершілікпен қарау қажетгілігінен адамды шет қалдырмайды, адам іс-
әрекетінің мүдделері оған қайшы келмеуі керек.
Даралық 
(лат.individuum- бөлінбейтін ) - тұлғаның өзіне тән, қайталанбайтын ерекшелігі, 
оған ғана тән жеке-психологиялык ерекшеліктері жиынтығы. Жеке мінездің, 
темпераменттің, 
мүдделердің, 
интелектінің, 
қабілеттер 
мен 
қажеттіліктердің 
ерекшеліктерінен көрінеді. Адамзаттың жеке калыптасуына, оның тәрбие процесінде 
толық ашылатын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері ықпал етеді.
Бақылауға арналған сұрақтар: 
1.
Тұлға дегеніміз не ? 
2.
Тұлғаның негізгі көреткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке 
даралық ұғымдарына анықтама беріңіздер? 
3.
Психолгияда тұлғаны зерттеген теорияларды атағыздар? 
4.
Тұлға құрылымы дегеніміз не? 


Дәріс 6.
 
Қарым-қатынас пен топтар психологиясы 
 
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 
1.
Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері.
2.
Қарым-қатынас қиындықтары мен кедергілері.
3.
Топ және тұлға. Шағын топтардың жіктелуі.
4.
Топтық әсер ету механизмдері.
5.
Тұлғаның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі.
Қарым-қатынас психологиясының негізі келіссөздер мен сұхбаттарды тиімді 
жүргізудің сәттерін айқындау мүмкіндігі және оны практикада қолдану, сұхбат 
жүргізгенде психологиялық тұрғыдан сауатты болу, тиімді қарым-қатынас туралы 
білімдер жүйесін қалыптастыру болыа табылады. 
Сұхбат жүргізу мәселесі қазірде қарым-қатынас психологиясын оқытудағы көкейкесті 
мәселе болып отыр. Соңғы жылдары қарым-қатынас психологиясы көптеген 
ғылымдардың пәні болып отыр. Онымен философтар да, социологтар да, экономистер де, 
заңгерлер де, педагогтар да айналысады. 
Қарым-қатынас психологиясы қарым-қатынаста адамға жаңа импульс, қуаныш, 
рахаттану береді және адамды кәсіптік қызметте жаңа биіктерге, деңгейлерге көтереді. 
Қарым-қатынас – адамдар арасындағы қалыптасуындағы және дамуындағы күрделі, 
көп деңгейлі процесс. Нәтижесінде адамдар бір-бірінен ақпараттар алмасады, 
қабылдайды. Адамдармен қарым-қатынас – бұл ғылым және өнер. Мұнда білім де, табиғи 
мүмкіндіктер де өте маңызды. 
Әртүрлі адамдар мен жануарлардың өмір сүруін қарастыра отырып, біз оның екі 
жағын байқаймыз: табиғатпен байланыс және тірі денелермен байланыс. Бірінші түрін 
қызметтің түрі деп қарастырдық. Ал, байланыстың екінші түрін организдердің 
организмдермен ақпарат алмасатын байланысы, өзара әрекеті деп сипаттайды. Бұл түрді 
«қарым-қатынас» деп атайды. 
Қарым-қатынас барлық тірі организмдерге тән, бірақ адам деңгейіндегі ол ең жоғары 
кемелденген түрге ие болады. Қарым-қатынаста келесі аспектілер бөлінеді: мазмұн, 
мақсат және амал-тәсіл. 
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи 
да басқа адамдармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні 
белгілі. Топтар үлкен, шағын, ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, 
ұйымдаспаған, жасанды табиғи, референттік болып бірнеше түрге бөлінеді.
Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез 
келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне қарай қатынасқа түседі, оны ңбір мүшесі 
екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді, байланыстары тұрақты сипат 
алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлінеді.
Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сай әр түрлі 
сипаттағы іскерлікқатынастар ойнайды. Ондай қатынастардардан жетекшіге бағыну, 
тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше 
көрінеді. Формалы топтардды (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бір-
бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл 
жайт мондағы іскерлік қатынасқа қолайсыз әсер етеді, оның табысты болуына залалын 
тигізеді.
Формасыз (бей ресми) топ – бұл ұнату, ортақ көзқарас сияқты психологиялық 
себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет 
етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос-жарандық 
қатынаста болу.
Әртүрлі деңгейегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бұл - әр 
адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10-нан астам топқа қатарынан енуі мүмкін) 


ішінен біреуіне ғана ерекше тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек 
қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап-тілектерді, белгілі 
принциптерді қолдап ғана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын 
пида етуге дейін барады.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі –ұжым (коллектив) деп аталады. 
Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен 
ұштасып, «бір жеңнен қол», «бір жағадан бас» шығаратындай халге жетуі, топты 
ңпсихологиялық ахуалының орнауы, онда «ырың-жырыңның» орын алмауы, дамудың 
биік деңгейіне көтерілу – ұжымның басты белгісі. Кез келген топтың көп жағдайда 
ұжжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай топта келеңсіз жағдайларды 
ңорын тебуінен туындайды. Әр адам топта қандай болмасын топта белгілі бір рөл 
атқарады. Бірақ оның бұл рөлі тұрақты болмайды.
Топтағы аддамдарды танып-білу, басқару мәселесі «психологиялық үйлесім» 
ұғымымен де тығыз байланысты. Бұл ұжымддағы ортақ ісің табысты болуына 
ондағылардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін 
психологиялық жағдай. Топтағыларды ңбір-бірімен үйлесімділігі жасрасса, яғни бірінің 
қылығы екіншісіне ұнайтын болса, олар бір-бірінің мінез-құлқын, қарым-қатынасын 
жатырқамай дұрыс қабылдаса – онда психологиялық үйлесімнің болғаны. Ал, мұндай 
ахуал жоқ жерде, біреудің мінезін екіншісі ұнатпайтын жағдайда, тіпті ақылға сыйымды 
нәрсенің өзі де қолдау таппайды, біреуі екіншісін түсінбейді.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1.
 
Психологиядағы қарым-қатынастың анықтамасы? 
2.
 
Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдерін атаңыз?
 
3.
 
Қарым-қатынас қиындықтары мен кедергілері қандай?
 
4.
 
Топ дегеніміз не ? Шағын топтардың жіктелуін атаңыз?
 
5.
 
Топтың түрлері қандай?
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет