Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет17/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Ойлау түрлері: 
теориялық (түсіндірмелік және бейнелік) және тәжірибелік (көрнекі 
бейнелік және көрнекі әрекеттік).
Ойлаудың формалары 
Ойлау формалалары 
ұғым, пікір, ой қорытындысы
болып үшке бөлінеді.

Ұғым
– ойдың шын дүниедегі заттар мен құбылыстардың жалпы және мәнді 
сипаттарын бейнелейтін формасы.Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. 
Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді.
Ойлау процесінде кездесетін ұғымның екі түрі болады: біріншісі – заттық немесе 
нақтылы ұғым; екіншісі – абстракт-дерексіз ұғым. Нақтылы ұғым-нақтылы формасы, 
бейнесі бар объектіге қатынасы бар ұғым. Мәселен, адам, бор, стол, танк, ракета, бидай 
т.б. Бұларды көзбен көруге, қолмен ұстауға болады. Абстракт-дерексіз ұғым деп 
жаңағыдай тұтас заттарға емес, олардың жеке сипаттарына, сапаларына, қалыптарына, 
заттар мен құбылыстардың өз ара байланыстары мен қатынастарына арналған ұғымдарды 
айтамыз. Мәселен, шексіздік, теңсіздік, қозғалыс, баға, тұрмыс, ақтық, биіктік т.б. 
Ұғымдардың мазмұны 
пікірлер
арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет-
белгілері арасындағы байланыстар ашылып көрсетіледі. Пікірлер сан жөнінен жалпы, 
ішінәра, дара болып бөлінеді. Пікірлер екі түрлі жолмен құралады: 
тікелей
және 
жанама.
Ой қорытындалары
дегеніміз бірнеше пікірден бір жаңа пікір шығару тәсілі.. Ой 
қорытындыларының мынандай үш түрін ажыратамыз: дедукция, индукция, аналогиялық. 
Дедукция
– жалпыдан жекеге қарай қарай жүретін ой қорытындысы. 
Индукция
- ой 
қорытындысының жекеден жалпыға қарай дамып отыратын ойқорытындысының түрі. 
Аналогия ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Бұл – жеке - дара жағдайдан 
жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең 
тараған түрі – силлогизм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет