Патологиялық психология
– ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе жан дүниесінде
жетімсіздіктері бар, жан қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым
келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді.
Сот психологиясы
–
қызметкерлер, айыптаушылар, куәлар психологиясын
зерттеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда
пайда болғанын, оның не себеппен жасалғанын зерттеп отырады.
Салыстырмалы-генетикалық психология
адамдар мен жануарлардың, ересек
адамдар мен балалардың психологиясын
бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық,
айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан өсіп-
жетілгенге дейнгі даму жолын қарастырады. Балалар
психологиясы мектепке
дейінгілердің, психикалық әрекеттерінің пайда болып, олардың өсіп-даму заңдарын, келе-
келе ересек адам психологиясына айналу жолдарын зерттейді.
Педагогикалық психология
оқу-тәрбие процестерінің ғылыми негіздерін, яғни
шәкірттердің оқу әрекетін
миына қалайша тоқитындығын, олардың тәрбиеленуінің
психологиялық механизімдерін және ұстаз шәкіртінің бір-бірімен қатынасының әр түрлі
жақтарын зерттеумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: