Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Жануарлардың интеллекттік мінезі



Pdf көрінісі
бет5/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Жануарлардың интеллекттік мінезі 
Заттар арасындағы байланыс пен қатынастарын бейнеленгенде, бұрын өмірінде 
кездеспеген жаңа міндеттерді жануарлардың шеше бастауын интелектік мінез дейді. 
Егерде жануарлардың алдынан кездесетін қиыншылықтарды инстинкт арқылы немесе 
дағдыланған амалдар арқылы шешуге мүмкіншілік болса, интеллектік мінез сыртқа 
шықпайды. Интеллектік мінез инстинкт пен дағдының шешуге шамасы келмейтін 
міндетті атқаруға кірісе бастайды.
Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиетті. Ол-
ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, 
материялық дүниенің жетілген белгісі. Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар 
дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар - дыбысты тіл мен еңбек. 
Дүние тану теориясының даму жолдарын В.И.Ленин “Философиялық дәптерлерінде” 
баланың есеюі, жануарлардың жетілуі , тілдің даму тарихы (“мұны айрықша ескеру керек” 
дейді де), бұл салалар бойынша психология мен сезім мүшелерінің физиологиясын қоса 
зерттеу қажет деген міндеттерді қосу белгісі мен арнайы атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол 
еңбегінде бұл салалардың бүкіл білім саласын қамтып, оның таным теориясы мен 
диалектикалық қалыптасуына негіз болатындығын да жазған. 
Жоғарыда айтылған мазмұндар мен келтірілген дәйектер психиканың дамуы мен адам 
санасының қоғамдық-тарихи сипатта болатынын түсініп, оның мәнін жете игеруді қажет 


етеді. Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білудің 
абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы - ақиқатты, объективтік шындықты 
танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен қорыта 
айтқанда, бейнелеу теориясы ғылыми психологияның гноселогиялық негізі болып 
саналады.
Сана қоршаған әлемді өзара байланыстыра, яғни әлемді біртұтас жүйе ретінде
бейнелейді. Сондықтан сана іс-әрекет бейнесінің жоғарғы формасы болып табылады. 
Сана арқылы адамның айналадағы әлеммен қарым-қатынас формалары реттеледі. Сана 
шындықты субъективті сезінуді білдіреді. Санаға адамның айналасындағы барлық 
жағдайларға қатысы тән болып келеді.
Сана адамның психикалық әрекетінің барлық формаларын қамтиды: сезіну, 
қабылдау, ойлау, сезім мен ерік. Осы өзіндік сапалы ерекшекліктерге ие психикалық 
құбылыстардың әрқайсысы жеке, бөлек емес, біртұтас сананың бір қыры немесе бөлігі 
болып табылады.
 
Сана саналы түрде сезінуші индивидтің өзі үшін де, тіл арқылы басқа адамдар 
үшін де объектиті болып табылады. Ойды жеткізу формасы ретіндегі тіл арқылы адам өзін 
басқа табиғаттан ерекшелей алады, табиғат заңдылықтарын ашып, тәжірибеде оларды 
қолдана алады. Сана-адам индивидтілігінің негізгі анықтамасы 
Бақылауға арналған сұрақтар: 
1.
Адаманың психикасынан жануардың психикасының айырмашылығы неде? 
2.
Сана дегеніміз не? 
3.
Психиканың даму кезеңдері қандай?.
4.
Адам санасы дегеніміз не? 
5.
Жануарлардағы инстинкт, үйрену және интеллект деген3м3з не? 
6.
Жануарлар іс-әрекетінің адам әрекетінен ерекшелігі бар ма ? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет