Дәріс 4. Іс-әрекет психологиясы
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.
2. Іс-әрекет теориялары.
3. Іс-әрекеттің түрлері, мақсаты мен мотивтері.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына
юайланысты болады. Адам өмір сүру барасында өз психикасының түрлі жолдармен
жарыққа шығарады. Мысалы; мектеп жасына дейінгі бала өз психмкасын ойын арқылы
білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында
көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілң мақсатқа
жетуге бағытталған процесс. Адам іс-әрекеті күрделі процесс. Оның құрамына жеке
амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет
ұғымын ажырату қажет. Өйткені іс-әрекеттің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты кең.
Әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті
орындау тәсілдері операция деп аталады.
Алам әрекеті сан алуан; ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге
бағытталады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланыста туып
отыратындығы.
А.Н.Леонтьев анықтаған іс-әрекеттің құрылымын былайша көрсетуге болады.
Қажеттілік Түрткі Әрекет
Қажеттіліктер-ағзаның бір нәрсеге керекті кескіннің ұсынатын және іс-әрекетке
талаптанатын субъективті құбылыс болып табылады. Барлық қажеттіліктерді негізгі 2
топқа бөлуге болады: биологиялық және ақпараттық.
Түрткіні А.Н.Леонтьев адамды іс-әрекетке талаптандыратын және оны басқаратын,
қажеттіліктің нақты пәні ретінде анықтайды. Қажеттіліктер қанағаттандырылмаса,
эмоциялық күші жағынан әртүрлі сәйкестену кейде аффектіге әкеп соғады.
Әрекеттер-шығарылатын мақсаттың көрінісі, нәтижеге жету процесі болып табылады.
Мақсатты бөлу және олардың әрекетін қалыптастыру түрткі функцияларын ажыратуға
әкеп соғады. Олардан бағыт және ниеттену функциялары бөлінеді.
Мақсат дегеніміз адамның іс-әрекетінің көздеген нәтижесі. Мақсат белгілі бір
зат, құбылыс немесе әрекет болуы мүмкін. Міндет – белгілі тәртіптерге сәйкес мақсатқа
жетуге бағытталған әрекеттің мақсаты. Мысалы, қандай да бір мамандықты меңгеру үшін,
алдымен оның теориялық аспектілерін оқу, яғни белгілі оқу міндеттерін шешу, сонан соң
Достарыңызбен бөлісу: