Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті


Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе



бет23/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2

Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе. Дж.Бернал стратегиялық бағыттағы теорияны анықтау, оны іске асырудан күрделі дейді.
Зерттеу проблемасы қайшылық ретінде: зерттеу мәселесінің табиғаты күрделі, сондықтан зерттейтін танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал жаңа өзінің кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы қайшылық танымды дамытып, жаңа ғылыми нәтиже әкеледі.
Тарихилық және қисындылықтың қарым-қатынасы: кез келген зерттелетін проблеманың мәні, оның тарихи дамуымен тығыз байланысты. Тарихилық пен қисындылық принципі барлық психологиялық және педагогикалық зерттеулерге тән. Проблеманы таңдап, оны негіздеуде тарихилық пен қисындылық принциптерді дұрыс қолдана білу керек.
Жетекші идея: егер проблема дұрыс қойылған болса, онда оның басты бағыты белгіленіп тұр деген сөз. Қойылған проблеманы шешу үшін бірнеше жылдар зерттеу жүргізу қажет пе? - деген сұрақ болуы мүмкін. Проблеманы шешу, оның идеясымен және зерттеуімен анықталады. Жетекші идея зерттеудің ең басты мәселесі. Кейде жетекші идея тек бір қырынан ғана зерттеліп, оған қайшы құбылыстар мен процестер ескерілмей қалады. Осыған орай жетекші идеяны, қойылған мақсатқа байланысты жан- жақты талдау қажет. Жетекші идея мен зерттеудің жалпы бағыты – зерттеудің басты координаты, оның «даралығынң сипаттайды.Ғылымның дамуына ықпал ететін - іргелі зерттеулер мен маңыздыидеялар. Идеялар ғылымның алтын қоры десек те болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет