Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет38/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2

6. Объективтілік - тәрбиеші өз пайымдауын растауда «өзі көретіндей емес», объективті фактілерді жазу керек.
7. Фиксация /жазу/ - мәліметтер бақылау барысында немесе одан кейін сол мезгілде жазылу керек.
Бақылау әдісінің тиімді емес жағы кездеседі:

  • Кездейсоқ факторлардың әсерін жою мүлде мүмкін емес.

  • Бәрін жазу мүмкін емес.Сондықтан маңыздыларын жіберіп, маңызды еместерін белгілеуге болады.

  • Бақылау барысында зертелуші өзінің табиғи жағын өзгертіп жіберуі мүмкін.

Әңгімелесу - алдын ала құрастырылған бағдарлама бойынша зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы диалогтік сөйлесуі. Арнаулы құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу зерттелетін құбылыстың бірнеше аспектілерін, оған баға беріп, позициясые түсіндіруге, кез келген әрекетінің мотивін, сезімін, көңіл-күйін анықтауға көмектеседі. Оның тиімділігі зерттеушінің әңгімелесушімен достық қарым-қатынасына, ашылуына мүмкіндік жасауына байланысты. Әңгімелесу негізгі зерттелетін бағытта жүргізіле отырып, жеке әсері алынады, әңгімелесуді диктофонға түсіруге болады. Сондықтан есте сақтап, кейін жазып алу керек. Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгңмңлесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады.
Тестілеу - бұл жекелеген тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданылатын стандартты әдіс. Ол объективті мәліметтер немесе субъективті шектер туралы деректер алуда көп еңбек етуді қажет ететін әдіс болып табылады. Тест ғылыми құрал түріндегі сарапшылардың тиянақты жұмысының нәтижесі. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатынкәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Сондықтан баланың міндеті жарияланған тестерді тауып, оларды пайдалануға тіреледі. Тестің мазмұнында мәнсіз белгісіз, мәселен, «орта», «орташа», «жоғары», «жиі», секілді ұғымдар болмағаны жөн. Әр адамның бұл сөздерді түсінуі әрқалай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет