барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді
28
жүзеге асыруға көмектесетін тəсіл, алға койған міндеттерді шешу үшін
ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-əрекетінің бір жолы.
Оқыту əдістері деп – оқу-тəрбие мақсаттарына жетуге бағытталған
оқытушы мен оқушылардың өзара байланысты іс-əрекеттерінің тəсілдері.
Дидактикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс-əрекет
қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн. Іс-əрекет бұл қарапайым
ағымдағы мəселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі.
Инженерлік психологияда іс-əрекеттің мына түрлері бар: пəндік-
практикалық; пəндік-ойлау; практикалық белгілеу; ойлау белгілері аркылы.
Пəндік-практикалық іс-əрекет пəннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте
орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кəсіпте бұл
сипат басты мəнге ие.
Пəндік-ойлау іс-əрекеті пəн бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып,
оны əркез есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады.
Практикалық белгілеу іс-əрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер
əрекетіне негізделген (түрлі есептерді шешу, кесте, сұлба бойынша мəліметтер
іздестіру, жинақтау т.б).
Оқыту үрдісін қамтамасыз ету оқыту əдістері мен оқу түрлері арқылы
жүзеге асады. Тəсілдер жүйесі пəннің əдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың
жиынтығыш оқыту əдістері деп жалпылама айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты
мен мазмұнына байланысты əр сабақтың белгілі бір міндеттерін белгілеп, соған
лайық қимыл-əрекет түрлерін қалыптастырамыз.
Оқытудың теориялық жəне өндірістік əдістерінің арасында белгілі бір
дəрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кəсіби пəндер циклі бойынша
теориялық; сабақ барысында мəліметтерді барлық оқушыларға бір мезгілде
жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ топтарға, қажет болған
жағдайда, жекелей де жүргізіледі.
Теориялық оқытудың əдістері:
1)
Монолог түрінде жүргізілетін əдіс. Бұл əдіс бойынша теориялық
сабақ өткізуде оқытушының рөлі басым. Оқытушы акпаратты ауызша жеткізеді,
ал оқушылар болса атқарушы рөлінде болады, олардың іс-əрекеті берілген үлгі
бойынша ұйымдастырылады.
2)
Көрнекілік əдіс. Оқытушы оқу материалын демонстрациялау арқылы
тəжірибе түрінде түсіндіреді. Оқушылардың іс-əрекеті репродуктивті.
3)
Диалог
түрінде
жүргізілетін
əдіс
оқытушы
теориялық
материалдарды диалог ретінде баяндайды.
4)
Эвристикалық əдіс. Оқу материалы əңгімелесу арқылы беріліп, ол
оқушыларға нұсқау ретінде жеткізіледі. Жаңа оқу материалын түсіндіруде
проблемалық сұрақтар қойылып, оны оқушылар оқытушы көмегімен шешеді.
5)
Іздену əдісі. Оқытушы мен оқушының өзара іс-əрекеті іздену арқылы
ұйымдастырылады.
6)
Бағдарламалап оқыту əдісі. Бұл əдіс оқу үрдісін бағдарламалаған
оқу-əдістемелік құралдар көмегімен іске асырылады.
Білім, білік жəне дағдыны дамытуға арналған əдістердің ішінде жаттығу
негізгі жəне басты білім мен білікті дамыту əдісі болып табылады. Жаттығу
29
белгілі бір əрекеттердің оларды саналы жетілдіру үшін бірнеше рет қайталануы.
Жаттығу процесінде сан сапаға өтеді, білімнің жетілуінен, əрекет тəсілдерінен,
білік пен дағды қалыптасуынан көрінеді.
Жаттығуларды классификациялаудың екі түрі бар. Біріншісі -
дидактикалық мақсаты бойынша: бастапқы білік қалыптастыруға арналған,
дағды қалыптастыру, күрделі білік қалыптастыруға арналған жаттығулар.
Екіншісі - мазмұны бойынша: еңбек тəсілдерін орындау; еңбек
операцияларын орындау бойынша, технологиялық процесті басқару бойынша
жаттығулар. Жаттықтыру жаттығулары оқытудың бірінші кезеңінде
оқушылардың жекелеген жұмыс қозғалысын, қиын емес операцияларды жəне
тəсілдерді орындаудың бастапқы біліктілігін қалыптастыру.
Сонымен, оқыту əдістері оқушының білімін, іскерлігін жəне дағдысын
қалыптастырып қана қоймай, оның танымдық қызығушылығын да оятуға
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: