Жалпы дайындық жаттығулары спортшының айналысатын спорт түрінің жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл-қозғалыс қорын көбейтуге, жалпы жаттыққандығын жоғарылатуға арналады. Дайындық кезеңдеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.
Спорт жаттықтыруының өзіндік ерекшелігі өзіне тән қағидаларын тудырады. Айналысқан спорт түрін терең меңгеру, өз жеке бас мүмкін-шіліктерін пайдалана білу, жоғары көрсеткіштерге жету қағидасы. Егер дене тәрбиесі жаттығуларын жаттығуларды үйрену, жетілдіру, өмірге қажет қозғалыс шеберлігі мен дағдысын дамыту, денсаулықты нығайту мақсаттарында орындасақ, спорт түрлерінің жаттықтырулары, жоғарғы жетістіктерге жету мақсатында орындалады. Жаттықтыру кездерінде жаттығулар адам ағзасының мүмкіншіліктерін шегіне жақын немесе шегіне жете жоғары деңгейлерде қолданылып, орындалады. Спорттық жаттықтырулардың сипаты - жүктеменің жоғары деңгейі, жүктеме мен тынығу алмасуының алдыңғы қатарлы жүйесі, циклдіктің айқын білінуі т.с.с. Бұл қағиданың негізгі мақсаты - спортшының санасында жоғары спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.
Спорттық жаттықтыру дидактикалық және арнайы қағидалардан тұрады. Дидактикалық қағидаларға жататындар: саналылық және белсенділік, көрнектілік, жүйелілік, біртіндеушілік, даралық және реттілік. Жаттықтыру үрдісінің арнайы қағидалары: жоғары жетістіктерге бағыттау қағидасы, біртіндеушілік, даралық, жүйелілік, циклділік, жүктеме қозғалысының толқындылық, жалпы және арнайы дайындықтың бірігу қағидалары.
Достарыңызбен бөлісу: |