Циклділік қағидасы. Жүйелік және біртіндеушілік қағидалары жаттықтыру циклдерін құрғанда айқын білінеді. Циклділік – дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жаттықтыру үрдісі бөлімдерінің аяқталған жиынтығы. Әрбір келесі циклде жаттықтыру кезіндегі жүктеме өсіп отырады. Циклдер: микроциклдер (апталық), мезоциклдер (айлық) жэне макроциклдер (жылдық) деп бөлінеді.
Жүктеме қозғалысының толқындылық қағидасы. Дене қуаты жүктемелері әр түрлі көлемде толқын түрінде өтеді. Олар кіші, орта және үлкен толқындарға бөлінеді.
Кіші толқындар – микроциклдегі жүктеме қозғалысының толқын түрінде өзгеру сипаты. Орта толқындар – мезоцикл көлеміндегі жүктеме қозғалысының өзгеру сипаты. Үлкен толқындар – макроцикл кезеңдеріндегі жүктеме қозғалыстарының өзгеру сипаты.
9- сурет - Жүктемелердің толқын түріндегі көріністері
Достарыңызбен бөлісу: |