Дәріс сабақтарының кешені Тақырып 1


Тақырып 8. Тергеу изоляторындағы қызметкерлердің кәсіби іс-әрекетіндегі эмоционалды күйіну синдромы дамуының психологиялық ерекшеліктері



бет11/22
Дата29.11.2022
өлшемі83,47 Kb.
#160393
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Ä?ð³ñ ñàáà?òàðûíû? êåøåí³ Òà?ûðûï 1 2

Тақырып 8. Тергеу изоляторындағы қызметкерлердің кәсіби іс-әрекетіндегі эмоционалды күйіну синдромы дамуының психологиялық ерекшеліктері.

Қылмыскерлермен, қоғамдық тәртіпті бұзушылармен үнемі негативті қарым-қатынас жай ғана байқаусыз қалмай, оның жеке тұлғасына әсерін тигізеді, ал кейбір жағдайларда тіптен қызметкерлердің тұлғасының кәсіби деформациясына әкеліп соғады.


Тұлғаның кәсіби деформацияға ұшырауы дегеніміз-бұл іс-әрекет мақсатымен ерекше шарттардың ықпалынан туындаған тұлғаның психологиялық өзгеруінің жиынтығы. Мұндағы тұлғаның өзгеруі жағымсыз жағына өзгеруін сипаттайды.
Жалпы бұл екі түсініктің арасындағы байланысты түсіндірмес бұрын олардың арасындағы айырмашылықты анықтап алайық.
«Күйіну белгісі» кәсіби іс-әрекет кезінде байқалады, ал кәсіби деформация жұмыстан тыс өмірде байқалуын сипаттайды. «Кәсіпқой-Адам» бұл екі феноменнің арасындағы айырмашылықты байқауға болады.
«Мен кәсіпқой ретінде»- бұл кәсіби міндеттерді шеше алатын, өзіндік білімі бар тұлғаның бір қыры. Кәсіби іс-әрекетте толық байқалады.
«Мен адам ретінде»- өзінің өмірі жайлы және өзі жайлы бейнесі бар тұлға қыры. Бұған өмірлік принциптері мен ұстанымдары жатады. Өзінің жеке өмірінде байқалады.
Жұмыста мамандар шаршайды, сондықтан бұлар өз клиенттеріне деген тітіркенушілік туындайды. Кәсіби деформация, керісінше, «мен кәсіпқой» облысының «мен адам» облысын басып тастауы. Үйге келгенімен де адам өзін жұмыстағы маман ретінде ұстайды.
Түзету мекемесінде әсіресе жабық мекемеде қызмет ететін адамда еңбек барысында үзілістер, дағдарыстар, шайқастар, кәсіби іс-әрекеттегі қателіктер пайда болып, кәсіби дамуда жағымсыз көріністер тудыру мүмкін. Осындай қауіптерді білу адамға ұзақ уақыт бойы жұмыс қабілеттілігін қолдай отырып және кәсіби ұзақтылығын сақтауға көмектеседі.
Осындай кәсіби іс-әрекет нәтижесінде бір саздық (монотонность), шаршау, қажу, кәсіби дағдарыс сияқты күйлер пайда болады.
Еңбек процесі кезінде адамда қажу күйі пайда болады. Әдебиеттерде еңбектік қажуды, еңбек процесі кезінде пайда болған организмнің физиологиялық жылжу комплексі ретінде түсіндіріледі. Еңбек қажуы еңбек қабілетін төмендетеді және жұмыстың сыртқы талаптарының арасында қақтығыстар тудырады. Бірнеше авторлардың пікірінше қажу - еңбек қабілетінің уақытша төмендеуі ретінде табиғи, физиологиялық күй деп есептейді. Ол еңбек іс-әрекетін орындаудың нақтылы сатысында еріксіз пайда болады және де ол қорғаныс функциясы болып келеді Қажу – шаршау күй ретінде субьективті түрде бастан кешіріледі. Шаршау бұл қажу кезіндегі психикалық күй. Психологияда қажудың бірнеше түрлерін ажыратады. Физикалық қажу кезінде бұлшық еттің шыдамдылығы мен күші төмендейді, қозғалыстың дәлдігі нашарлайды; ақыл ой қажуы кезінде бақылампаздық пен ес нашарлайды. Ал эмоционалды - мотивациялық қажу кезінде мотивациялық және эмоционалды тұрақсыздық пайда болады.
Жаңару кезеңі болмайтын ұзақ уақытты қажу күйі ұзақ уақытқа созылған қажу мен шаршауға әкеп соғады. Ұзақ уақытқа созылған қажу күйі – бұл шекаралық күй ол тітіркендіргіштікпен ере жүреді, нәтижесінде жұмысқа деген қызығушылық төмендейді. Шаршау кезінде жеке тұлғаның тұрақты өзгерістері пайда болады, олар эпизодтық қақтығыс, тітіркендіргіштік, әлсіздік, жоғарлатылған эмоционалды лабильділік. Тым шаршау кезінде – интроверттілік, агрессивтілік, депрессивтілік сияқты тұрақты қасиеттер пайда болады. Осыны болдырмау үшін еңбек пен демалыстың алмасу тәртібін қадағалау қажет.
Кәсіби іс-әрекет барысында адамда шаршаумен қатар тағы бір жағымсыз психикалық күй туу мүмкін. Ол бір саздық. Бір саздық өмірлік аймақтың шектеулігімен сипатталанады. Бұл күй көптеген колония қызметкерлер үшін тән. Сыртқы әлеммен байланысы шектеулі болып табылады. Бұл жағдайдың нәтижесінде астениялық синдромының пайда болуы ықтимал, яғни жүйке жүйесінің тозуы, тітіркендіргіштік, депрессия, галлюцинация сияқты психикалық күйлер пайда болады.
Маркова А.Н. алдыналу жолдарында біртиптік қозғалыстар мен операциялардың ритмикалығын бұзу шараларды қондыру қажет деп тұжырымдады.
Бір саздықты жеңу үшін психологиялық тәсілдер ұсынылады: қызметкерлерге жұмыс мақсатын түсінуге жағдай жасау, еңбектің мағыналық және мазмұндық жақтарына көңіл бөлуге тарту
Жабық мекемелердегі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін топтық изоляцияны да қарастыруға болады. Топтық изоляция өмірге қауіп төнген жағдайда, қызметкерлердің қоршаған ортамен байланыстың шектеулі мүмкіншіліктердің болмауынан қалыптасады. Бұл жағдай қызметкерлерде адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде эмоционалды күштену, қақтығыстар мен ұрыс-керістер тудырады.
Іс-әрекеттегі тағы бір жағымсыз фактордың бірі адамның психикалық қысым күйі. Психикалық күштену күйінің пайда болу себептері іс-әрекеттің қиын шарттарымен және қақтығыспен негізделеді. Бұл күйдің екі түрін ажыратады: іс-әрекетке жағымды эффект беретін қысым және іс-әрекеттің дезинтеграциясына әкелетін тұрақты психикалық және қозғалыс функцияларының төмендеуін сипаттайтын қысым.
Н.Н. Пуховский еңбегіндегі іс-әрекет негізінде пайда болған психикалық қысымның бірнеше түрлерін көрсетуге болады, олар
1) Перцептивті (информацияны қабылдау жағдайында туатын қиыншылықтар)
2) Интеллектуалды (критикалық жағдайдан шыға алмау)
3) Эмоционалды (іс-әрекетті дезорганизациалайтын эмоцияның пайда болуы)
4) Мотивациялық (мысалы, қауіп пен тәуекелдіктен бас тарту).
Адамның мотивациясы мен эмоциясын есепке ала отырып қосымша операционалды қысым және эмоционалды қысым көрсетілген. Операционалды қысым – іс-әрекет процесіне адамның нейтралды тұрғысы, ол іс-әрекеттің орындалуына әсерін тигізеді, ал эмоционалды қысымның белгілері қозғалыс координациясының бұзылуынан байқалады.
Адамның еңбегіндгі келесі жағымсыз фактор – кәсіби дағдарыс. Кәсіби дағдарыс жоғары кәсіби қызметкерде байқалады. Кәсіби дағдарыс кезінде кәсіби өзіндік бағалауының төмендеуі, қорғаныс мотивтерінің күшеюі байқалады. Егерде адам дағдарыстармен күресе алмаса, онда тұлғалық деформация пайда болу мүмкін. Тұлғада деформация көріністерінің бірі ретінде – кәсіби этикалық қателіктер болып табылады. Кәсіби деформация түзету мекеме қызметкерлерінде эмпатияның төмен болуында көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет