Пробация қызметі: өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың есебін жүргізеді;
өзіне қатысты пробация қолданылатын адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынудың көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды;
әлеуметтік-құқықтық көмек алуды ұсыну және одан бас тарту тәртібін түсіндіреді, оны алуға жәрдемдеседі;
күдіктіге, айыпталушыға қатысты сотқа дейінгі баяндаманы дайындауды жүзеге асырады;
бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданылған адамдарға өздеріне сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және оларды орындамаудың салдарларын түсіндіреді;
өздеріне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адамдарға оның жүзеге асырылу және тоқтатылу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттарын сақтамаудың салдарларын түсіндіреді;
пробациялық бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, заңды тұлғалардан өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер, анықтамалар, мінездемелер, өзге де ақпарат сұратады;
кәмелетке толмағандар мен отбасы құқықтарын қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жүргізуге қатысады;
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту шаралары 1) мына мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету:
медициналық көмек алу;
орта білім алу;
кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру);
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
психологиялық көмекті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу;
2) мыналарды:
әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беруді;
әлеуметтік патронажды;
тараптардың өзара келісуі жағдайында отбасылық және өзге де әлеуметтік-жағымды байланыстарды қалпына келтіруге көмектесуді қамтитын әлеуметтік байланыстарды қолдау жүйесін қалпына келтіру және қалыптастыру;
3) мыналарды:
келу орнымен қамтамасыз етуді;
оңалту іс-шараларын ұйымдастыруды;
мәдени іс-шараларға қатысуға тартуды;
әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз етіледі.