Дәріс сабақтарының кешені Тақырып 1



бет10/22
Дата29.11.2022
өлшемі83,47 Kb.
#160393
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Ä?ð³ñ ñàáà?òàðûíû? êåøåí³ Òà?ûðûï 1 2

Вербалды қарым – қатынас:
Қарым – қатынас бөлігінде сөйлеу мәдениетінің келесі ерекшеліктерін бөліп көруге болады:

  • әлеуметтік ер жету және адамгершілікті көрсету (қарсылық көрсетпейді, еш көмексіз өз пікірін айту);

  • өзіндік ойлау деңгейінің дамуын көрсететін, ерекше, қайталанбайтын сөз – паразиттердің болуы;

  • сөйлеуге қарағанда, қолмен көп қолдануы (сөйлеген кезде өзіне қолмен көмектесу);

  • қатал тәртіп кезінде, қауіпті жағдай кезінде өз - өзін қорғауға даярлық;

  • мәнсіз сөздерге ашулану;

  • сөйлеу кезіндегі жалған мен шындықтың, еріксіздік пен қасарушылықтың, өзі сияқтыларға өшпенділік пен топтық ұйымшылдықтың, әйелді болуға қарсы болушылық пен сексуалды құмарлықтың қатар жүруі;

  • өзіндік меннің жоғары дәрежеде болуы: өзін, өз өмірін ерекше етіп санау;

  • өз- өзін нақтылау ( «ерік берсен барлығын да ұрлаушы едім» және тағы басқа);

  • Ішкі Істер Бөлімдерінің жұмыскерлерімен қарым – қатынаста белгілі аралықты сақтау, оларды тірі адам ретінде санамау;

Жаргон (“блатная музыка”, “феня”) қылмыскерлер арасында қарым – қатынастың бір түрі ретінде қолданылады және тергеу кезінде көрінуі мүмкін.
Қазіргі кезде қылмыскерлік әрекетте күдіктенген тұлғалардың жаргондық тілдерін зерттеу өзекті болып келеді. Бұл тіл арқылы ұрылардың немесе басқа да қоғамға қарсы топтардың ұжымдық эмоцияларын көруге болады.
Криминалды ортаға жататын тұлғалардың осындай сөздерді қолдануы:

  1. қылмыстық қоғамдастықтың ойларын білдіртпеу;

  2. қылмыстық ортада өзін нақтылау немесе қоғамдастықтың өзге адамдарға деген үстемдікті көрсету (мысалы, қылмыстық ортада барлық адамдар - “гаврик”, “шибздик”, “волосатик”, дубак” деп бөлінеді, ал милиция адамдары - “легавый”, “лягушка”, “жаба”,”псы”, “снегирь”, “клух” деп бөлінеді);

  3. “өз” адамдарын мамандыққа байланысты касталарға бөлу (мысалы, ұрылардың мынадай мамандықтары болады: “мойщик” – вагондағы жолаушыларды жалғыз өзі тонайтын немесе мастарды тонайтын, “охотник” – кедей кәсіпқой (профессионал), “барабанщик” – терезені немесе есікті алдын ала тоқылдатып, үй ішілердің бар – жоқ екнің тексеріп, тонайды, “тихушник” – құлыптанбаған үйлерді тонайтын ұры);

  4. агенттердің жіберген адамдарын тауып алу үшін;

  5. топ ішіндегі иерархия жүйесінің бейнесі (қоғамдастық мүшелерін жаргонмен атау, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Мысалы, “косматый” –топ басшысы, “валет” – қылмыстық өмірдің беделділеріне асты үстіне түсушілер, “взросляк” – кәмелеттік жасқа толған қылмыскер.) және тағы осы сияқты.

Құқық қорғаушы органдар жаргондарды шешу кезінде көптеген қиыншылыққа тап болады.
Біріншіден, криминалды өмірдің өкілінен қолданған жаргонның мағынасын сұрап білу өте қиын. Бірнеше сұраудан өткен, күмәнданушы, өзінде “жік – жапар” (запирательство) болу тактикасын ашады. “Жік – жапар” болу тактикасы, құқық қорғаушы органдарының тәжірибелі мамандарының айтуы бойынша, қылмыскер арасындағы түсініспеушілікті тудырады. Ал қазіргі энциклопедиялар, сөздіктер жылдам өзгеріп отыратын жаргондар мағынасын жазып, түсіндіруге үлгермейді.
Екіншіден, сөздіктердегі жаргон мағыналарының түсінігі жаңарып отыруы.
Үшіншіден, жаргон мағынасы, сөйлемдегі байланысып тұрған сөзге, жағдайға байланысты, ішкі себептерге байланысты мағына береді. Мысалы, “навернуть” – “бір нәрсені істеу” дегенді білдіреді, ал “ навернуть скачок” – бұзып ұрлау, “навернуть бабки” – ақша табу, “навернуть фраера” – біреуді алдау.
Төртіншіден, құқық бұзушылар да қарапайым халық та осындай жаргондарды қолдануы, криминалогиялық салыстыруды қиындатады.
Ішкі Істер органдарының қызметкерлері қылмыскерді тану үшін керекті құрал ретінде білуі қажет. Олардың қылмыскерлермен қарым – қатынас жасау үшін және бұл қарым – қатынас мәнді болу үшін керек. Қылмыскердің айтқан сөзін дұрыс түсінбеу немесе қызметкердің орынды емес жаргонды қолдануы қақтығыстық жағдайға әкелуі мүмкін.
Вербалды емес мінез - құлық (саналы түрде емес жасалған әрекеттер):

  • бейтарап (нейтральные) тақырып кезінде де сақтықтың көрінуі: үңілген көзқарас, көзді сығырайту, жауап беру алдында маңдайды тыржыйту;

  • күмәндік пен жасырын белгісінің көрінуі (көз бұрышынан, қырынан қарау);

  • бетті жауып тастайтын қолдың белгілері, қолды жасыру;

  • қызбалықтың (нервознсть) көрінуі (қолдың белсенді қозғалысы, бірінші орында саусақ пен қолдың буыны, жиі жөтелу, көздің жұмып ашуының жиілігі, ерінді немесе тырнақты тістеу,қызметкер көзіне қарамау және тағы басқа);

  • шынайы емес қуаныш (аяғын алшақтатып отырған);

  • жағдайға сай емес күлімсіреп, жолдастықтың аса көрінуі және тағы басқа.

Криминалды өмірдің өкілдерінің вербалды емес ерекшелігін, Д.С.Лихачев, сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышы жоқ сөйлемге теңестірген. Бұндай ерекшелік қылмыскердің қобалжуын төмендететін және көп сөзді ұнатпайтын қылмыскерлер арасында көп қолданады.
Көзбен қарым – қатынастың белгілері –“ручная феня” (саналы түрде вербалды емес мінез - құлық). Бұндай белгілермен көбінесе бұзақылар, карташылар, жезөкшелер және қылмыскерлер қолданады. Карташыларда мәліметті беруде шынайы жестер, көзбен сөйлесу көбірек орындалады. Көзбен қарым – қатынас арқылы: көпшілік ортасында құпиялы мәліметті жеткізу; мәліметті беру жылдамдығын; белгілі бір ортаға ғана тісінікті болуды қамтамасыз етеді.
Мысалы, психологиялық зерттеулер негізінде, сұқ саусақты (указательный) жұдырықта қысып ұстау, тұлғаның өз іс - әрекеттеріне сенімсіздігін, және сол адамның тұйықтығын білдіреді дейді. Ал тергеушілер ойынша амалсыз жағдайда қалуын білдіреді дейді. “Т” әрпі тәрізді екі алақанын ашып тұрған қол жесті, айыптың қатаңдығын білдіреді, ал жаргон тілінде – “крышка”, “амба”, “крепко сел” деген терминдерді білдіреді. Сұқ саусақтың бір – біріне қарама – қарсы айналуы сенімсіздік пен белгісіздікті білдіреді.
Сотталғандардың жесттері мен көздерін бақылау, көптеген маңызды мағлұмат береді. Мысалы, иегін сипаумен қатар көзін қысу- “маған жақындашы дегенді білдіреді; кеудеге қолды қағу немесе шанын қағумен қатар көзді кезек – кезек қысу – “жақындама дегенді білдіреді; егер қарта таратушы сол жақ көзін қысып саусақтарын жұдырыққа түйсе – араласқан қарта екендігін және серіктес “ва-банк” жүруі мүмкін дегенді білдіреді.
Тану белгілеріне сонымен қатар, саусақтың қозғалуы да жатады. Көбінесе ұрылар мен қарташылар қолданады. Ойын кезіндегі өз адамдарын анықтау үшін жиі көзді қысу немесе үлкен саусақ пен сұқ саусақты дөңгелету; егер серіктес ойын кезінде жұдырығын қатты жұмса – “бар ақшанды сал” дегенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет