Дәріс сабақтарының кешені Тақырып 1


Тақырып 7. Криминалды субмәдениеттің атрибуттары



бет9/22
Дата29.11.2022
өлшемі83,47 Kb.
#160393
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Ä?ð³ñ ñàáà?òàðûíû? êåøåí³ Òà?ûðûï 1 2

Тақырып 7. Криминалды субмәдениеттің атрибуттары.
Таңбаларды сәйкестендіру және тану үшін, ұзақ уақыт қолданылып келе жатыр. Мысалға алатын болсақ,, совет үкіметінің алғашқы жылдарында осы мақсатпен қылмыскерлердің таңбаларын тіркеуден міндетті түрде өткзу енгізілді. Сонымен қатар, таңбалар қылмыскердің рухына, оның мамандығына, нақты қылмыстық ісін, қылмыстық иерархиядағы алатын орнына жақын болады. Егер осы таңбаларды иесінің денесінде орналасуына мән беретін болсақ, олардан кейбір биографиялық мәліметтерді алуға болады. Таңбалар, қамаудың негізгі себебі болғанымен, оларды салу, айналадағыларға қорқыныш сендіру үшін көп қолданады. Таңбаларды салу, олар үшін ең маңызды жұмыстардың бірі болып саналады..
Таңбалар – денедегі тері қабатын пісетін немесе кесетін құралдармен кесіп, денеге әр- түрлі бояғыш заттарды енгізу арқылы тұрақты, өшіп қалмайтын суреттер немесе бейнелерді салу.
“Таңба” сөзін кейбір ғалымдар полинезия тілінен аударғандағы “тэту”- сурет, немесе “Тики” – өмірге таңбаны енгізген полинезиялық құдаймен байланыстырған. Кейбір зерттеушілер “таңба” сөзін явай тілінде “тау” – “жара” немесе “жараланған” деген мағына беретінін айтқан.
Гелльштерн өзінің “Қылмыскерлердегі таңба” атты еңбегінде “таңба” сөзінің шығу тарихын, теңіз саяхатшысы Кук есімімен бйланыстырады. Гаити аралында болған теңіз саяхатшысы сол жердегі халықтың өз тайпаларындағы кәмелеттік жасқа толған мүшеге таңба салғанына куә болды. Содан бері таңба салу бізге де жетті.
Европа елдерінде таңба жайлы алғашқы мәлімет XVIII- ғасырдың басынан бері белгілі. Жәрмеңкелерге денелері таңбаланған адамдар каражат үшін демонстрация көрсеткен.
1890-шы жылы француз әйелі “Ғажайып Ирэна”, жұрт алдында өзінің денесіндегі таңбаларды көрсетіп (ол кездегі бұндай көрініс экзотикалы дәрежеде болған), әлемге танымал атанған.
Содан бері таңба салу, әсіресе,теңіз саяхатшыларының арасында кең жайылды. Қылмыстық өмірге тез еніп кетті.
Ломброзо ең алғаш қылмыскерлер арасында таңба салуына көңіл бөліп, ахуалы бар адамдардың мінезінде ата тектерінің белгілерінің көрінуі деп тұжырымдаған. Қазіргі кезде бұл тұжырымның қате екені анық. Зерттеулер бойынша, алғашында қылмыскерлердің үстіндегі таңбалар, еліктеу сипатында болып, оған үстірт, еш қызығушылықсыз қарағаны анықталған. Жылдан жылға таңбаға аса көңілмен қарап, таңбалары барлар лидерлікке ұмтыла бастады. Кейіннен қылмыскер үшін, таңба салу, құпия тілдің белгілері ретінде өзара қарым - қатынас жасау үшін қолдана бастады. Бұнымен тек қана қылмыскерлер ғана қолданған жоқ, сонымен қатар бостандықта жүрген адамдар да қолдана басатды.
Қылмыстық өмірдің бейнелік символикасы біртіндеп пайда бола бастады. Уақыт өте келе суреттер өңделіп, қайта қаралып отырылған. Қазіргі кезде таңбалар мағынасы тереңдеп, индивид ойын, оның әлеуметтік тұрғысын және құндылықтық бағыт - бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер сотталғанның иығында алты немесе сегіз қырлы жұлдызша болса, онда оның бостандықтан айырылған жерде, ол ішкі тәртіпке бағынбайтын, жұмысқа оңай салуға жарамайтын, агрессивті болғанын білдіреді. Әрбір осындай сотталған, ұрылар, беделділерінің ойлары бойынша, ерекше рухқа толы болу керек. Осы рухты тексеру үшін, «тіркеу» деп аталатын ерекше сынаудан өтеді. Мысалы: жаңадан келген сотталғанның психикалық шыдамдылығын тексеру үшін, жіңішке жіптің бір үшін төсектің аяғына байлап, екінші үшін жыныс мүшесіне байлап, екінші қабаттан секіруге бұрық береді. Шыдасаң - өз адамдарының арасында сәйкес орынға ие боласың, шыдамасаң – статусын төмендейді. Егер аяқта, қанжарды мықтап ұстап тұрған қол бейнеленсе, ол бұзақылық үшін сотталды дегенді білдіреді.
Таңбаның келесі анализі мынаны көрсетеді, таңба салынатын суреттер әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан олардың бір ғана анықтамасы бола алмайды. Бірақта осы таңбалардың жүздеген түрлерін ұзақ уақыт бойы жалпылап, оларды зерттеу негізінде, сәйкес келетін жағдайларда барлығына ортақ белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі күнде қылмыскерлердің өз денесіндегі таңбаларын көрстеуге ұмтылмайтынын ескерген жөн. Адам баласы таңбалардың мәнін білмей оны салады. Мысалы ретінде, Владимир Ильич Лениннің денесіндегі таңбаны алып қарастыратын болсақ, бұл ұрылардың белгісін білдіреді. Бұны былай түсіндіруге болады: В.И.Ленин “Вождь Октябрьской Революции” атанғанмен, алғашқы бас әріптеріне мән беретін болсақ “ВОР” деген аббревиатураны білдіреді. Тағы бір мысал, әйел адамның есімі “ИРА” алғашында ешқандай күдік тудырмайды. Ал оны ашып қарастыратын болсақ, қылмыскерлер арасында бұл- “Иду резать актив” дегенді білдіреді. Немесе рецидивистер кеудесінде “Мадонна мен екі қолында ұстап тұрған бала” суретін жиі көруге болады. Сотталғандардың өздері бұған мынадай түсініктеме дереді: “Үйді немесе жанұя мен балаңды аңсау”.Бірақ шын мәнінде “Түрме – туған үйім”, “Түрме балалары” дегенді білдіреді.
Таңба салудың түрткі болатын мотивтерінің бірі ретінде мыналарды айтуға болады:
- бостандығынан айырылған қылмыскерлерді өз ортасына қабылдау заңдылығы;

  • сотталғандар арасында өз тұлғасын таныту;

  • атақ, өзінің маңыздылығын көрсетуге ұмтылу, өзгелерге деген үстемдік;

  • таңбалары бар, тәжірибелері мол, беделді қылмыскерлерге еліктеу;

  • жазалау мерзімін өткізген жерлер жайлы өзіндік белгі, қылмыскерлер арасындағы ынтымақтастық (“Братство” белгісі);

  • түрме романтикасы.

Қылмыстық өмірдің касталары жайлы айтатын болсақ, оның ішінде таңбалары барлар, қазіргі кезде олар мәдениетті және білімді деп айтуға болады. Өйткені олар қоғамдық процесстер арасында жүріп, саяси жағдайларды біліп отырады. Олар –жақсы психолог, талдаушы, идеолог. Айғаймен емес, сендірумен әсер етеді. Олар ешқашан ешкімге қол жұмсамайды, өйткені осы үшін колонада қосымша мерзім үстіне қосып беретінін олар жақсы біледі. Ондай жұмыс үшін жаңадан келгендер толып жатыр, “новичектар” отқа да, суға да түсуге дайын. Сондықтан өздерін мәдениетті ұстап, қарта ойнағанда да өздерімен тең дәрежедегілермен ойнайды.
Таңба белгілерін жіктеу қиын іс блып табылады. Оны жіктеу мүмкін емес деп те айтуға болады. Әр уақытта зерттеушілер бұл жұмысты бастап, аяғына дейін толық жеткізген емес. Өйткені суретті таңдау мотивтерінің әртүрлілігі, тақырыптамалығының байлығы, таңбаларды салу техникасы мен орналасуы зерттеушілерді ертелі - кеш жарты жолда тастауына себеп болды.
Кейде таңба көмегімен қылмысты әшекерлеу кездері де болған. Таңбаның - қару, қарта, стакан (рюмка), шприц деген композициялары екі түрлі мағына береді: бірінші – «жеңіл, көңілді өмірге құмарлық» болса, екіншісі – «бізді құртқан осылар» дегенді білдіреді. Мысық тұмсығы, ұрының сақтығын білдіреді. Иықтағы раушан гүлдің мағынасы: иесі, кәмелеттік жасқа колонада толған.Бұл таңбалар мағыналары болған оқиға негізінде алынған. Белгісіз, шамалы, қырық жас аралығындағы ер адам денесін су бетінде қалқып жүргенін тауып, оны зерттеген кезде, жанында ешқандай құжаттар болмағанмен, өліктің есімін оның үстіндегі таңбаларды әшкерлеу (расшифровка) жасау негізінде анықтаған. Тергеуші әшкерлеу жасап, мынаны анықтаған: қайтыс болған адам, колонаға бірінші рет кәмелеттік жасқа толмай түскен. Онда екі жылдай, ұрлық үшін отырған. Күн тәртібін бұзуға әуес, жанындағылардан қысым көрген. Қатал тәртіпті колонада отырғаны мәлім. Бостандықта жақсы көретін әйелі тосқанын анықтауға болады. Ұрыладың тобында болғаны және өте сақ, әкімшілікке қарсы бағытталғанын байқауға болады. Алдыңғы уақытта да қылмыстық әрекетпен айналысатынына ниеті бар. Кейін, өлгеннің өмірбаянымен салыстырған кезде, тергеушінің денесіндегі таңба арқылы дәл айтқанына таң қалған.
Қоғамға қарсы әрекеттерге және құқық бұзушылық әрекеттерге итермелейтін таңбалар ертеден бері келе жатыр. Мысалға алатын болсақ, “union” жазуы бар, әшекейленген гүл тізбегімен бейнеленген екі қолдың қысуы – Оңтүстк Францияның қылмыскерлік қоғамдастығының белгісі. “Т” және “L” – латынның бас әріптері – Германиядағы ұрылар тобының белгісі.
Қазіргі уақытта келесі таңба суреттеріне мән беру керек: қаңқа, тәж – билікке деген ұмтылыс; арқасындағы тәж белгісі – қорлау; жолбарыс немесе басқа жыртқыш бейнесі – қатты ашу (ярость), келісімге келмеушілік;
Жылан (иерархияның жоғары деңгейі), қанжар, пышақ, балта – кек, қатыгездік, жауыздық, қауіп – қатер;
Кілт – құпияны сақтау; жан алғыш (палач) – ұрылар заңын есте сақта; Мадонна – жат болу; факел – достық; жұлдыздар – бағынбаушылық.
Қосымшада таңбалардың кейбір түлері мен мағыналары берілген.
Таңба салу тәсілі: ең жеңіл түрі, таяқшаға немесе ши басына оралған екі немесе үш инені бояғыш затқа малып, алдын ала салынған суретті бастырады. Ине болмаған жағдайда, жіңішке темір немесе дәптердің темірімен алмастырылады, ал бояу, татты зәрмен араластырып, қант қосу арқылы жасайды. Бұл әдісті көбінесе изоляторда отырғандар қолданады. Кейде бояу орнына қаламның сиялары қолданылады.
Таңба салуға деген сұраныс өсе келе, таңба салу әдісі де өзгере бастады. Штамп түріндегі әдіс, таңба салушы тақтаға сурет салып, оған барлық үшкір заттарды қадайды да, дененің керекті жерімен сол қадалған үшкір заттарға басып, қызарған жерлерге бояу енгізіледі. Бұндай штамппен көп адамдар қолдана алады.
Қазіргі кезде сотталғандар таңба слау үшін лезвиялар қолданады. Бұндай құралмен
сурет анық және едәуір тез жасалады.
Өз - өзіне таңба салу сирек кездеседі. Көбінесе, таңба салуды жақсы сала алатын басқа адамға бұйырады және ол ақылы болады.
Қылмыскерлердің вербалды және вербалды емес қарым – қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет