Дәріс сабақтарының кешені Тақырып 1


Тақырып 3 Пенитенциарлы психологиядағы жазалау феноменнің негізгі кезеңдері



бет5/22
Дата29.11.2022
өлшемі83,47 Kb.
#160393
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Ä?ð³ñ ñàáà?òàðûíû? êåøåí³ Òà?ûðûï 1 2

Тақырып 3 Пенитенциарлы психологиядағы жазалау феноменнің негізгі кезеңдері
Режим (қалыптасқан тәртіп)- заң нормаларымен реттелетін қылмыстық жазаны орындау мен бас бостандығынан айыру жолымен өтеудің тәртібі. Психологиялық жағынан қарастырғанда режим барлық өмірдің, іс-әрекеттің құқық талаптары мен заңдары бойынша ұйымдастырылуы. Өмір мен әрекет ұйымдастырылуы адамға тәрбиелеу әсерін тигізіп, жағымды жүрыс-тұрыс стереотипын қалыптастырады, қажетті дағдылар мен тұлға қасиеттерін тәрбиелейді.
Режим негізгі үш міндет атқарады: жазалау міндеті (карательная) міндеті. Сотталған адам бостандығынан айырылып, қоғамнан бөлектенеді, қорғау мен қадағалаудың астында болады. Еңбегі, демалысы, оқуы, бос уақытты қатал реттеліп, бақыланады. Психология осындай режимды ұзақ уақыт бойы әсер ететін фрустратор ретінде қарастырады. Адам белгілі игіліктерден айырылады, физиологиялық және әлеуметтік бастапқы қажеттіліктерден айырылады. Бұнын барлығы жағымсыз психикалық күйлерге соғып әкеледі. Режим тәрбие функциясын атқарады. Ретелген күн тәртібі (ояну, ұйықтау, дене шынықтыру, жұмыс істеу, тамақтану уақыты), өмір мен тұрмыстың жоғары ұйымдастырылуы адам мінезінде, жүріс-тұрысында із қалдырады, тәртіпке үйретеді. Қамтамасыздандыру (обеспечивающая) міндет-Жаза өтеудің белгілі тәртібі көмегімен түзету мекемесінде еңбекке, оқытуға, саясаттық тәрбиелеу жұмысына, ұжым әрекетіне жағымды шарттар ұйымдастырылады. Әкімшіліктің, тәрбиелеушілердің қолбысшылығы үшейе түседі. Режим көмегімен паразитизм, ішімдікке салыну жеңіледі, өйткені қалыптасқан тәртіп сотталған адамдарды үнемі бақылауды, оларды түзету мекемесінің ережелеріне көнуін қамтамасыз етеді.
Сотталғандарды түзету мақсатында еңбек функциясы маңызды рөль атқарады. Экономикалық ғана емес, сонымен қатар еңбек көмегімен тәрбиелік та функциялар жүзеге асырылады. Оспанова Ж.Б. бойынша «Еңбек сотталғандарға түзетушілік ықпал ету тәсілдерінің барлық жиынтығының бөлігі ретінде қарастырылады және әлеуметтік бейімделуіне де ықпал етеді». Еңбекпен қамтылмаған сотталғандардың санының өсуі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын мекемелердегі криминогенді жағдайды қиындатады, сотталғандардың арасында өзара қатынасы ретінде көрінетін сотталғандардың агрессиялығының күшейту факторларының бірі болып табылады, бұл тәртіптік бұзушылықтардың, қылмыстарды жаппай эксцесстердің жасалу сандарының өсуіне әкеледі.
Негізгі және қосымша әдебиет: 1-13




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет