Дәріс сабақтарының кешені Тақырып 1



бет1/22
Дата29.11.2022
өлшемі83,47 Kb.
#160393
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Ä?ð³ñ ñàáà?òàðûíû? êåøåí³ Òà?ûðûï 1 2


Дәріс сабақтарының кешені
Тақырып 1. Пенитенциарлы психологияның зерттеу пәні, объектісі және міндеттері.
Пенитенциарлы психология заң психологияның бір саласы болып табылады. Латын сөзінен аударғанда –«poenitentiarius»-өкінетін және түзетілген деген мағынаны білдіреді.
Пенитенциарлы психология – бұл қылмыстық-атқару жүйесі шеңберіндегі «адам-құқық» жүйесінде әрекет ететін психикалық құбылыстар мен фактілерді зерттейтін заң психологияның бір саласы.
Пенитенциарлы психологияның объектілеріне
мыналарды жатқызуға болады:
- айыпталушы тұлғасы, оның спецификалық ерекшеліктерінің динамикасы,
жазасын өтеудің әр түрлі жағдайында және реәлеуметтендіру процесінде
көрініс беру тәсілдері;
- айыпталушылар топтары мен бірлестіктері, олардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары, құндылық бағдарларының ерекшеліктері,
асоциалді субмәдениеттері, айыпталушылар арасындағы стратификация;
- айыпталушыларды түзету мен реәлеуметтендірудің негізгі
құралдарының психологиялық негізділігі;
- қылмыстық жазаны өтеу мекемелері қызметкерлерінің тұлғасы мен
ұжымы, олардың айыпталушыларды түзету және реәлеуметтендіру
процесін ұйымдастыруға байланысты іс әрекеті;
- қылмыстық орындау заңы нормаларына психологиялық сараптама тағайындау
және олардың айыпталушыларды түзету мен реәлеуметтендіру
міндеттеріне сәйкес келуі.
Пенитенциарлы психологияның пәні ретінде- сотталғандар өмірінің психологиялық сипаттамалары, сондай-ақ түзету мекемелері қызметкерлерінің жеке тұлғасының, қарым-қатынасының және кәсіби қызметінің психологиялық ерекшеліктері.
Пенитенциарлы психолоияның міндеттері:

  • Сотталған адамның жеке тұлғасынының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  • Сотталғандардың жасына, ұлтына, жынысына байланысты ерекшеліктерін қарастыру;

  • Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру процесінің психологиялық негіздерін зерттеу;

  • Тәрбие және басқа іс-шаралардың әсерінен сотталушының санасында және мінез-құлқында болып жатқан өзгерістерді психологиялық талдау;

  • Түзету мекемесінің қызметіндегі әлеуметтік-психологиялық мәселелерді зерттеу (сотталғандар тобы, сотталғандар арасындағы қақтығыстар, сотталғандарды ТМ жағдайларына бейімдеу);

  • ТМ қызметкерінің жеке тұлғасының психологиясын, сондай-ақ оның кәсіби қызметі мен қарым-қатынасының психологиялық негіздерін зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет