Психокоррекциялық-бұл әлеуметтік-психологиялық көзқарастарды, жеке тұлғаның құндылық бағдарларын мақсатты түрде өзгерту, өзін-өзі басқару әдістерін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сонымен қатар тұлғаның стресске төзімділігін арттыру. Психокоррекциялық жұмыстың бір түрі-психологиялық кеңес беру.
Психопрофилактикалық-тұлғааралық қақтығыстардың, суицидтердің, эмоционалды күйінуді және басқа да жағымсыз көріністердің алдын алудан тұрады, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқындағы бұрын-соңды болмаған әсерді қамтамасыз етуді көздейді.
Ағартушылық - пенитенциарлық мекеме тұлғасының психологиялық мәдениеті мен психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Психологиялық қызметінің жұмысы екі бағытта жүзеге асырылады:
сотталғандардың, күдіктілердің психологиялық ерекшеліктерін диагносттау;
сотталғандарды түзету процесін дараландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
сотталғандарды дағдарыстық және стресстік жағдайларды жеңуге көмектесу;
сотталғандардың, айыпталушылардың, күдіктілердің деструктивті мінез-құлқын болжау және алдын алу;
тұлғааралық қатынастарды оңтайландыру, қақтығыстық жағдайларды уақтылы шешу мақсатында сотталғандардың әлеуметтік ортасындағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды зерттеу;
-сотталғандарды босатуға және бостандықта өмір сүруге психологиялық дайындау.
Кәсіби психологиялық іріктеу жүргізу, кәсіби бағытта психологиялық көмек көрсету және қиын өмірлік жағдайға тап болған қызметкерлер мен олардың отбасыларын психологиялық сүйемелдеу;
Жас қызметкерлерге қызмет жағдайларына бейімделуде психологиялық көмек көрсету;
Қызметкерлердің тиімді қызметтік іс-әрекеті, жеке дамуы, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ету;
Деструктивті құбылыстардың психопрофилактикасы және қызметкерлердің кәсіби деформациясы;
Кадрлар резервін психологиялық қамтамасыз ету;
Қызметкерлер ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық климатын бақылау, оны оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне кәсіби және жеке мәселелер бойынша психологиялық кеңес беру;
Төтенше жағдайларда қызметкерлердің қызметін психологиялық қамтамасыз ету.
Негізгі және қосымша әдебиет. 1-13
Достарыңызбен бөлісу: |