Дәріс сабақтарының кешені Тақырып 1



бет19/22
Дата29.11.2022
өлшемі83,47 Kb.
#160393
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Ä?ð³ñ ñàáà?òàðûíû? êåøåí³ Òà?ûðûï 1 2

Пробация қызметі:

  1. өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың есебін жүргізеді;

  2. өзіне қатысты пробация қолданылатын адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынудың көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;

  3. пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды;

  4. әлеуметтік-құқықтық көмек алуды ұсыну және одан бас тарту тәртібін түсіндіреді, оны алуға жәрдемдеседі;

  5. күдіктіге, айыпталушыға қатысты сотқа дейінгі баяндаманы дайындауды жүзеге асырады;

  6. бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданылған адамдарға өздеріне сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және оларды орындамаудың салдарларын түсіндіреді;

  7. өздеріне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адамдарға оның жүзеге асырылу және тоқтатылу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттарын сақтамаудың салдарларын түсіндіреді;

  8. пробациялық бақылауды жүзеге асырады;

  9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, заңды тұлғалардан өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер, анықтамалар, мінездемелер, өзге де ақпарат сұратады;

  10. кәмелетке толмағандар мен отбасы құқықтарын қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жүргізуге қатысады;


Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту шаралары

1) мына мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету:

  • медициналық көмек алу;

  • орта білім алу;

  • кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру);

  • жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

  • психологиялық көмекті қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу;

2) мыналарды:

  • әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беруді;

  • әлеуметтік патронажды;

  • тараптардың өзара келісуі жағдайында отбасылық және өзге де әлеуметтік-жағымды байланыстарды қалпына келтіруге көмектесуді қамтитын әлеуметтік байланыстарды қолдау жүйесін қалпына келтіру және қалыптастыру;

3) мыналарды:

  1. әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет