Дәріс сабақтарының толық МӘтіні



бет11/17
Дата03.04.2023
өлшемі134,52 Kb.
#173553
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Д ріс саба тарыны толы М тіні

Ғылыми

Діни

1

Әлем қалай пайда болған

Әлем қалай жаралған

2

Тәртіп хаостан қалай пайда болған

Әлемнің кемелділігі қалай іске асқан

3

Әлемде үйлесімділік қалай сақталады

Әлемдегі үйлесімділіктің субьектісі бар ма

4

Хаостан жаратылуды қазіргі ғылымдар қалай түсіндіреді

Ештеңеден жаратқан әлем құрылымын ғылым қалай байыптайды

5

Хаостың жаратылушылық және қуаттылығының мәні неде

Ештеңенің креативтілігі мен креационизмдегі ролі қандай

6

Хаостың кездейсоқтығынан себептілік пен қажеттілік қалай туындайды

Ештеңенің алаңсыздығы мен тұңғиық бейтараптылығын Жаратушы қалай іске асырады

7

Хаостың қазіргі ролі мен перспективасы

Ештеңенің қазіргі қызметі мен әлемнің болашағы

Қазіргі заманғы ғылыми-теориялық зерттеулерде хаосты – Бейберекетсіздік және таза бостық түрінде қарастыратын екі түрлі парадигма бар. Біз бірінші нұсқаны негізге ала отырып, зерттеу обьектімізге қатысты екінші модельді таңдап аламыз. Осыған байланысты оны материалдық және идеялдық түрде қарастыратын көзқарастар бойынша аналогиялық түрде әлдене мен Бейболмыс ретінде таразылауымызға болады.


Сондықтан Хаос туралы түсініктің даму эволюциясын біз шарты түрде мынадай кезеңдерге бөліп көрсетуімізге болады: 1) мифологиялық хаос; 2) мифохаостың философиялық және алғы ғылыми деңгейі (б.э.б 5 - б.э.1ғғ); 3) хаостың креационизмдегі бостық сипаты (б.э.1ғ-б.э.10ғ); 4) Хаостың ғылыми жаратылыстық негізделуі (ХІХ-ХХ ғғ); 5) Хаостың қазіргі заманғы жаратылыстану концепцияларындағы философиялық аспектісінің ұсынылуы (ХХ-ХХІ ғғ.).
Мифологиялық хаостың генезисі көне дәуірлердегі Египеттік, Вавилондық, Үнділік, Қытайлық және Гректік дүниетанымдардан туындайды. Хаостың мифтік дәуірдегі қызметі – енжар алғы бастау мен белсенді креативтік қуаттылық бойынша нақты екі парадигмаға тоғысады. Көне Вавилондықтар мен ассириялықтардың «Энума элиш» (б.э.б. ІІ-І мыңжылдықтар) туындысында, құдай Мардук алғашқы Хаосты пайдалана отырып, әлемді қалыптастырып шығарғандығын және көне шумерлердің хаосты жаратушылық рольге қатысты қолданғандығын атап көрсетуімзге болады. Көне Египеттегі алғашқы хаостың теңіз түріндегі формасынан туындаған әлемнің генезисі ұсынылады. Ал көне Үнділік веда мәтіндерінде хаостың алғашқылығы мен одан кейін әлемнің құрылуы үшін барлық элементтердің қатынасуы, олардың бейберекетсіздікте болып, кейіннен болмыстың алуандығы бойынша дифференциацияланғандығы көрсетіледі. Жаратылу мен пайда болудың осы персонажы, сәйкесінше, көне Қытайлық мифосюжеттерден де көрініс береді. Ол Қытайлық даосизм ілімімен жалғасын табады. Дао хаостан кейінгі, әрі хаостың өзі, әрі Бейболмыс түрінде интеграцияланады. Көне Грециядағы мифотуындылардың бірі Гесиодтың «Теогониясында» да Хаос бастапқы мәнді түсіндіру мен космогенездің субстраты ретінде бағаланады. Космогенездегі мифохаостық субстрат – таза трансцендециялды айқынсыздықты, кейде әлденеге дейінгі бір нәрсе екендікті, түп бастаудың ең алғашқысы болып табылатындықты, бейберекетсіздік пен абсолютті болмауды, белсенділік пен бейтараптылықты, әлемнің материалы мен қатысушы жақты т.б. білдіретін көпмәнді Бейболмыстық-болмыстық сипатты маңызды жақ ретінде тұжырымдалады. Оның ең айқын процесс ретіндегі көрінісі – космогенездегі «хаостан болмысқа ұмтылу тенденциясының» моделіндегі алғашқылық. Дегенмен, мифохаостың бұл қызметі де хронологиялық әрбір дәуір мен әрбір халықтық дүниетанымның архаикалық ойлау стильдерінің спецификасына байланысты құрылады.
Яғни, мифохаостың бұндай прологикалық-мистикалық сюжеттерінен теориялық тұжырымдама туындамағанмен, әдіснамалық жобалар туатындығы сөзсіз. Сондықтан мифтегі хаостың жалпы концептуалдық деңгейіндегі Бейболмыстық сипаттың көрінісіне тоқталар болсақ:

    • Ең түпкі бастаудың бастауы түрінде болмыссыздыққа алып келетін Хаосты түрлендірудің фантасмагориясын байыптауымызға болады;

    • Хаос – таза Бейболмыстық емес, Бейболмыстың әлденелік, яғни, қазіргі ғылыми жаратылыстану түсініктері бойынша жүйесіздік қызметін атқарады;

    • Хаос таза абсолютті бостық түрін иелену үшін – айқынсыздық, белгісіздік, анықталмайтындық, жаратушылық, бастапқылық т.б. қасиеттерді жамай отыра, материалдық та, рухани да болмыс болып табылматын сакральдылық пен ұлылықты құрайды;

    • Космогенездің асқақтығы мен трансцендентальдылығын ұлғайту үшін қажетті субьект, әрі тылсымдық парадигмасын орнату үшін қажетті жақ, түпкі болмыстың туындауының субстраты болмыс пен әлдене болмас үшін қажетті мән, құдайлар мен құдай типтес жаратушылар үшін қажетті «материал»;

    • Бейболмыстың космогезенездегі ең алғашқы туындаған моделі, бастапқының бастапқысы, ең түпкі бастапқыны бідіретін субстрат.

    • Әрбір мифтегі хаостың түпмәні символдық-образдық түрде құрылғандықтан экспликациялау мен мифсіздендіруді қажет ететін тылсым көпқызметті феномен;

Осыған байланысты Хаос пен Ештеңенің жалпы методологиялық деңгейлері мен зерделену жазықтығын былай бейнелеуімізге болады:




Бостық






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет