Дәріс Ұқсастық және алгебралық әдістер. Ұқсас түрлендірудің теориялық негізі



бет9/12
Дата15.03.2020
өлшемі379,67 Kb.
#60225
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дәріс 4.
000165a5-8043565a

33-есеп. Үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы және табанымен сол табанға жүргізілген биіктігінің қосындысы берілген.

Сол шартты қанағаттандыратын тең бүйірлі үшбұрышты салу керек.

Талдау. Есепте үш шарт берілген: 1 - төбедегі бұрышы болсын, 2- бүйір қабырғалары тең болу керек. 3 - табаны мен биіктігінің қосындысы m - кесіндіге тең болуы керек.

Алғашқы екі шартты қанағаттандыратын шексіз көп үшбұрыш болады. Соның бірі ∆А1В1С1 болсын дейік, (63-а сурет) онда ∆А1В1С1 =α және А1В=С1В.

Берілген үш шартты да қанағаттандыратын үшбұрышты центрі В нүкте болатын ∆ ВА1С1-ға гомотетиялы болатын үшбұрыштар ішінен іздейміз.

ВАС ізделінетін үшбұрыш болсын. Онда АС||А1С1, BD биіктік болады. Осы гомотетияда А1 нүкте А нүктеге сәйкестенсе, онда D1 нүкте D1, C1 нүкте С нүктеге сәйкестенеді.

Осы ∆А1ВС1 үшбұрышты ∆АВС- үшбұрышқа сәйкестендіріп гомотетия коэфиценті к - ны табайық. Шарт бойынша BD+AC=m

А1ВС1 -ны өзіміз салғандықтан BD1+A1C1=mтаба аламыз.

Сонда коэффициент К=  болады.

Осыны ескеріп ∆ A1BCарқылы ∆АВС-ны салуға болады (63-сурет).

Салу. а) Кез келген В нүктеден  В=а болатын бұрыш саламыз.

б) Оның қабырғаларынан BA1=BC1 болатын А1,Снүктелерді саламыз да A1С1кесіндісін саламыз.

в) А1С1-ға  етіп BD1 сәулесін жүргіземіз. Оның бойына D1E1=A1Cкесінді саламыз. Сонда BE1=BD1+A1C1=BD1+DlЕ1  m болсын.

г) BE1 сәулеге ВЕ2=m кесіндіні өлшеп саламыз.

д) Е2 -ден E1A1-ге параллель жүргізіп, оның ВА мен қиылысу нүктесі А- ны табамыз.

е) А нүктеден А1С1-ге параллель етіп АС-ны жүргіземіз. Сонда ABC іздеген үшбұрыш болады.



Сурет-63

Дәлелдеу. Салу бойынша В бұрышы берілген а бұрышына тең BD1  A1C1, АС|| A1C1 - болғандықтан BD  AC. Сондықтан BD биіктік.

Ал∆АСВ~ ∆А1В1С1,болғандықтан

Демек BD+AС  m.

Сөйтіп ∆АВС берілген үш шартты да қанағаттандырады. Сондықтан іздеген фигура болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет