1861 жылдың 19 ақпанындағы «Ереже» бойынша аграрлық мәселені жасағанмен, толық нәтиже бере алмады.
Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары:
Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету;
Жер тапшылығын шешу;
¥лттық аймақтарда әлеуметтік тірек жасау.
1-кезең.XIX ғасырдың 60 жылдарыныһ ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.
XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» (Жетісу губернаторы Г.А.Колпаковский) ереже бекіті. Бұл ереже 1883 жылға дейін күшін сақтады:
Бұрын қоныстанған шаруаларға жан басына 30 десятина жер берілді;