Дәріс-слайд ДӘріс жоспары


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ



бет5/5
Дата02.03.2022
өлшемі1,19 Mb.
#134081
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 lek tarikh 2

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

  • Қоныс аудару саясаты тереңдеген сайын, қазақ ауылдарының жағдайы мүшкіл бола бастады. Өйткені:
  • 1855-1893 жылдар аралығында Ақмола облысы қазақтарының пайдаланып жатқан жерінің 250 мың десятинасын тартып алып, 11 мың орыс шаңырағына бөліп берген (24 село);
  • 1855-1893 жылдар аралығында Семей облысы қазақтарының 33 мың десятина егістік жерін тартып алды.
  • Қоныс аудару саясаты, әсіресе Жетісу өңірінде болды:1868-1880 жылдар аралығында бұл өңірге 3 мың отбасы (2 мың жаңа қоныстанушы, 1 мың қалаларда қоныстанушы) қоныстанған;
  • 1884-1892 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездеріне орыс және украин шаруаларының 37 қоныс кұрылды.
  • XIX ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына Орыс, украин шаруаларының қоныстануы себепші болды
  • XIX ғасырда қоныстандыру саясаты Сырдария облысын түгелге жуық қамтыды
  • XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде шетелдік капитал негізінде шикізат өндіруге негізделген кәсіпорындар даму үстінде болды. Қазақ жерінің арзан қазба байлығын игеру ерекше қарқынмен жүрді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 тау-кен өндіріс орындары жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жүйесі де қалыптаса бастады. Ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды көмір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Іс жүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.
  • Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік құқықтарын бұзып отырды. Кәсіпорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет