Дәріс-слайд ДӘріс жоспары


жыл 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралы" заңы Ресейлік үлгідегі жаңа соттар құрды



бет2/5
Дата02.03.2022
өлшемі1,19 Mb.
#134081
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 lek tarikh 2

1886 жыл 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралы" заңы Ресейлік үлгідегі жаңа соттар құрды:

  • 1886 жыл 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралы" заңы Ресейлік үлгідегі жаңа соттар құрды:
  • 17 баптан тұратын жаңа патша заңы қабылданды;
  • Соттардың төтенше съезі әскери- губернатор рұқсатымен шақырылды және өкілдік құқығы берілген орыс шенеунігінің қатысуымен өткізілді;
  • Төменгі сот буыны халықтық сот болды;
  • Бітістіруші сот облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады.
  • Билердің соттары жеңілдіктерін сақтап қалуға тырысқан билеуші топтардың мүддесін қорғады
  • 1891 жылы 25 наурызда "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы» заңы бойынша:
  • 1.Түркістан өлкесі құрылып, орталығы Ташкент болды. Облыстары:
  • Сырдария (5 уезд)
  • Ферғана (5 уезд)
  • Самарқан (4 уезд).
  • 2.Дала генерал-губернаторлығы құрылып, орталығы Омбы қаласы болды. Облыстары:
  • Ақмола (4 уезд)
  • Семей
  • Жетісу (1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қайтарылып берілді)
  • Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға өзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартыпалынғанжерлернегізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғайоблыстарындаболды. Бұлоблыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдарияоблысынан 500 мың десятина еңқұнарлыжералынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет