Дәріс тақырыбы: Қазақстанның клиамттық жағдайы


Климаттық белдеулер Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды



бет6/8
Дата22.09.2022
өлшемі3,9 Mb.
#150312
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстанның климаттық жағдайы
Дарвин ілімі практ, лекция эволюция, 15лаб

Климаттық белдеулер Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.

Орманды дала

Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 160 – 170 тәулік. Ең қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақт. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір жылдары 110 – 113 күнге дейін созылады.

Дала зонасы

Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140 – 160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100 – 2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады).

Шөлейт зонасы

Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25°С-тан жоғары күндер саны 30 – 45, 35°С-тан жоғарғысы – 10 – 20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27 – 29 күнге созылады.

Шөл зонасы

Шөл климаттық белдемi Қазақстанның жазық өңiрiнiң көп бөлiгiн қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. С, жылдық жауын-шашын мөлш. 81— 84 мм. Кейде жылына°Орташа жылдық темп-расы 3—13 20—30 күндей қар жауады. Жазы ұзақ, ыстық, қысы салқын, ауасы тым құрғақ келедi. Қар жамылғысы тұрақсыз. Жалпы жылына қар белдемiнiң оңт-нде 31, солт.-шығысында 120 күндей жатады. Желi баяу, аязды маусымның ұзақт. 100—170 күндей. Вегетациялық өсiп-өну кезеңi 180—260 тәулiк. Қысы құбылмалы: қарашада түсiп, С-қа°С-қа, ал солт-нде –32°наурыздың аяғына дейiн созылады. Аяз кейде –15—20 дейiн жетедi. Жазы мамырдың басында басталып, қыркүйектiң 2-жартысына дейiн С-қа дейiн°С, кей күндерi 41 — 46°созылады. Шiлденiң орташа темп-расы 23 — 30 көтерiлуi мүмкiн. Көктемнiң тым қысқа маусымында жылдық ылғалдың 14—25%-ы түсiп үлгiредi, соның нәтижесiнде топырақ ылғалға қанығып, эфемерлiк өсiмдiктер қаулап өседi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет